Сайтқа кіру Тіркелу

Қаңқаның негізгі бөлімдері (күнделікті сабақ жоспары)

21. Қаңқаның негізгі бөлімдері. Бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол - аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері.
22. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
23. Бұлшықет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Бұлшықет қозғалысының реттелуі.
24. Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары.
25. Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфо - организм ішкі ортасының құрам бөліктері.

биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: §24. Қаңқаның негізгі бөлімдері. Бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол - аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бассүйек, иық, жамбас белдеулерінің сүйектері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық – физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: адам қаңқасы
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Сүйектің құрамы қандай?
2. Сүйектің қызыл кемігі дегеніміз не?
3. Сүйектің ішкі құрылысы қандай?
4. Сүйек қандай қызмет атқарады?
5. Түтікті сүйектер қалай өседі?

ІІІ Жаңа сабақ.
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен - бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8), шүйде (7) және т. б. сүйектерден құралған. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны арқылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.
Қол қаңқасы - иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек.
Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қол басы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен қатарласа орналасқан. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады
Қол басы суйектеріне - білезік, алақан және саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің - бас бармақтан баскасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал бас бармақта екеу болады
Аяқ қаңқасына - жамбас белдеуі мен аяқ ұшы сүйектері жатады Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Әрбір жамбас сүйегінің өзі бірімен - бірі тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады
Аяқ суйектеріпе жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, аяқ ұшы және башпай сүйектері. Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек - шыбық (садақ) сүйек деп аталады. Ортан жіліктің жұмыр ұршық басы жамбас ойысына кіріп тұрады. Толарсақта 7 сүйек бар, оның ең ірісі - өкше сүйегі. Табанды қысқа бес сүйектер құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған. Қол және аяқ сүйектері бірімен - бірі қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Мысалы, шынтақ буыны, тізе буыны және т. б. Аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан көбіне жалпақ - табандылық ауытқуы пайда болады. Оған аяқ бұлшықеттерінің өлсіз дамуы да әсер етеді. Бұл кезде аяқ ұшы сүйектерінің күмбезденіп орналасуы ауытқып, табан сүйектері жерге толық тиіп тұрады. Жүргенде, жүгіргенде аяқтың бұлшықеттері тез шаршайды. Жалпақтабандылықты болдырмау үшін өкшесі бар аяқ киім кию керек.

ҮІ. Қорытынды. Тірек - қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек - қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен - бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі.

Ү Бекіту.
1. Тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды?
2. Қаңқа деген ене. Неше бөліктен тұрады?
3. Тұлға қаңқасын құрайтын сүйектерді ата?
4. Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі, нәрестелерде иілімдер бола ма? Иілімдердің қандай маңызы бар?
5. Кеуде торы қандай сүйектерден құралады?
6. Қысқа сүйектерді атаңыз?
7. Түтікті сүйектерге жататындар
8. Адамда омыртқаларының саны
9. Төссүйек қайда болады, саны қанша?
10. Арқа омыртқасының саны қанша?

ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Адам қаңқасының суреттерін салу.
№8. Зертханалық жұмыс. Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшықеттер мен сүйектерінің орналасуын анықтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....
Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп,...
Қаңқа бөліктері

Қаңқа бөліктері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қаңқаның маңызымен және қаңқа бөлімдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдылық...
Тірек-қимыл жүйесі

Тірек-қимыл жүйесі

Мақсаты: Білімді, адамгершілігі мол, жан - жақты тұлга тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып,...
Тірек – қимыл жүйесі

Тірек – қимыл жүйесі

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×