Сайтқа кіру Тіркелу

Сүйек типтері

Пәні Биология Сынып: 8 Күні: Сабақ:
Тақырыбы Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақ мақсаты Оқушыларға қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатынын түсіндіру. Қаңқадағы сүйек типтеріне сипаттама беру, адам ағзасындағы сүйектердің байланысу түрлерімен танысу.
Нәтижесі Сүйектің типтерін айыра біледі. Сүйектің байланысын анықтайды. Сүйек аурулары туралы әңгімелейді
Әдіс - тәсілдер АКТ, сын тұрғысынан ойлау, диалог, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті, семантикалық карта, постер қорғау, әңгімелеу, рефлексия
Бағалау Бағалау парағы, смайликтер, топтық бағалау
Ресурстар, кабинет жабдықталуы, көрнекіліктер компьютер, интерактивті тақта, оқулық, флипчарт, маркер, стикер, плакаттар, бағалау парақтары, үлестірме материалдар

Кезең Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу Амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Оқушылар арнайы парақшаны таңдау арқылы топқа бөлінеді.
І - топ: «Травмотолог», 2 - топ: «Ортопед»
Үй тапсырмасын сұрау
І. Топтық жұмыс орындауды тапсырады.
І - топ: Сүйектің құрылысы
2 - топ: Сүйектің химиялық құрамы
ІІ. Жеке жұмыс: Семантикалық карта толтыру Әр топ берілген тапсырманы орындайды, сұрақтарға толық жауап береді. Семантикалық картаны толтырады.

Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын қорытындылап оқушыларға сұрақтар қояды. Слайдтағы суреттен оқушылардың ойларын білу, анықтама беруді сұрау. Берілген суреттен жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Оқушылар берілген суретке сипаттама береді, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мағынаны ажырату
Жаңа сабақта слайд қолданады
1 - Сүйек типтеріне сипаттама беру Қысқа сүйек, Жалпақ сүйек, Ұзын сүйек

2. Сүйектің байланысуы: Қозғалатын, жартылай қозғалатын, қозғалмайтын
3. Буын түрлері
4. Бас сүйектің жік арқылы байланысуы
5. Сүйек аурулары (Сколиоз, жалпақтабандылық)

Оқулықты оқи отырып, білімдерін жетілдіреді, топ ішінде талдай отырып, бір - біріне түсіндіреді. Адам қаңқасындағы сүйек типтерін анықтайды, оларға сипаттама береді. Сүйектің қозғалатын, жартылай қозғалатын және қозғалмайтын байланысу түрлерін біледі. Медицинамен байланыстыра отырып сүйек аурулары сколиоз, жалпақтабандылық туралы біледі, олардың алдын алу шараларын ұғынады.

Сергіту сәті Сергіту сәтін интерактивті тақтадан көрсету Оқушылар «Қаңқа биі» жаттығуын орындайды.

Ой толғаныс
Мәтінмен танысуды тапсырады Әр топқа тапсырма беріледі.
1.«Түйінде» Топтық жұмыс постер қорғауды тапсырады
2.“Сүйек картасын” толтыру
3.“Сиқырлы сурет”/ шаршыдағы суретке сипаттама беру /
4. «Сандық лабиринт»
5. “Сүйек картасын” толтыру
6. “Зерделе” / тест жұмысы /

Өз ойларын ортаға салады, тапсырманы орындайды, Семантикалық карта толтырады. Оқушылар топтық, жеке жұмыстар орындап, постер қорғайды.
І - топ: Сүйек типтеріне сипаттама беру
ІІ - топ: Сүйектің байланыстары туралы ойларын айту

Семантикалық карта толтырады. Тест орындайды.
Бағалау Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау
Бағалау парақшасы арқылы оқушылар белсенділігін анықтайды. Топтың бағалау парақшасы арқылы топ басшысы есеп береді.

Үйге тапсырма.
Үйге тапсырма береді, Қорытындылайды
1. § 21 Сүйек типтері және олардың байланысуы
2. №8 зертханалық жұмыс Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшықеттер мен сүйектердің орналасуын анықтау
3. “Сүйек аурулары” тақырыбында реферат жазу.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Рефлексия Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткізгені туралы сұрау Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап - тілектер
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×