Бізді қоршаған табиғат
Танымдық сайыс
Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрісін кеңейту.
2 Білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін сөйлеу тілін дамыту
3 Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Даналық сөздер: «Біз табиғаттың иесіміз. Ол біз үшін өмірге қажетті мол байлықтың көзі. Балыққа – су, құсқа – ауа, аңға – орман және тау. Ал адамға – Отан еген сөз. ( Михаил Причивес)
Көрнекіліктер: Табиғат жөнінде даналық сөздер, суреттер
Жоспары
1 Мұғалімнің бағыттау сөзі
2 Команданың сәлемдесуі ( әр топ атын, ұранын таңбаларын қорғайды )
3 Танымдық сұрақтар
4 Жұмбақ жарысы
5 Танымдық ойындар сөзжұмбақ шешу
6 Суреттер жарысы: Табиғатты қорғау жолдарын бейнелеу
Қортынды:
Танымдық сұрақтар
Қуаң жерлердегі өсімдіктерде жапырақ орнына неге тікенек өседі? / бұл өсімдіктің климатқа бейімделіп, ылғалды үнемді сіңіруге байланысты/
Неліктен ағаштың басындағы жапырақтар кешірек түседі?
Түңгі гүлдер неге ақ? Жауабы: / олар тозаңдандырушы жәндіктерге бірден көрінеді /
Қай құс қыс бойы басын төмен салып ұйықтайды? Жауабы: / жарқанат/
Қай өсімдіктің жапырағы тікенек болып өзгерген? Жауабы: / кактус/
Қай бауырмен жорғалаушы туралы « терісіне сыймаған» деп айтылған? Жауабы: / жылан түлегенде/
Жұмбақ жарысы: (көрермендерге)
Жұмбақ айтам сіздерге
Жауабын айт көрермен
Тура тапқан адамға
Әділ баға берем мен
Отырса – жасыл
Ұшса сарғаяды
Жерге түсіп қараяды / жапырақ/
Ешкімнен қорықпайды
Бірақ қалтырайды / терек /
Ата отыр тон киіп / аю/
Сауыттан мықты шапаны
Жәндіктің нағыз табаны / тасбақа
Төгіліп жерге ақ моншақ
Ғайып болды сол шақта - ақ / қар/
Капитандар сайысы: / қағаз, қалам алып шығып сөздерден өлең шумағын құрастыру/
1 карточка / қайырымды, әдемі/, / жақсы көру/, /сақтау /
2 карточка / достар, болмайды, ренжіспеу, жұлу, үзу
Ән сайысы: / Әр топ кезекпен бір - бір ауыздан табиғат туралы әндер орындайды/
Танымдық ойындар: / Табиғат туралы сөзжұмбақ шешу/
Суреттер сайысы: Табиғатты қорғау жолдарын бейнелеу.
Полиглот: / сұраққа жауап беріп жауабын үш тілде аудару
Мысалы: 1Өсімдіктің өсімді мүшесі /жапырақ, листья, leac
2 Үй маңына ұясын жақын салатын құсты ата / қарлығаш, ласточка, swallow
Сөз сөйлеу шеберлігі: /ораторлық/
1 Егер мен газ құбырының мұнай саласының бастығы болсам
2 Мен эколог болсам
Қорытынды:
Білсең егер, табиғатта зор мән бар,
Онда аң құс, жануарлар, орманда.
Жерің, суың, таза ауаң қажетті,
Шын жүректен сендер оны қорғаңдар!
Қазылар алқасы сайысты қорытындылайды.
Бізді қоршаған табиғат (Танымдық сайыс)
- ramuk_b
- 3 шілде 2014
- 11017
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бізді қоршаған табиғат, танымдық сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Тірі және өлі табиғат
Усенова Асемгул Қарағұлқызы...Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік
Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Кененбаева Жанар Кулахметовна...Жапырақ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Табиғат - тіршілік көзі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.