Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Генетика ғылымының заңдылықтарын ұғынуға, ата тектің қасиеттерінің берілуі жөнінде білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін - өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
«Білім стратегі» — психологиялық ойын сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, салыстыру.
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин
II. Үй тапсырмасын тексеру - 10 мин
а) Эпилог, пролог.
Мен жеке тұлғамын.
б) Экспликация. I
Басқа жеке тұлғамен диалог.
III. Жаңа білімді игеру - 18 мин
Экспликация. II
Өзімнің іс әрекетімді болжаймын.
IV. Бекіту - 12 мин
Коррекция.
Еркін таңдау жасаймын.
V. Бағалау, үйге тапсырма - 3 мин.
Рефлекция.
Нәтижені бағалаймын.
Сабақтың көрнекілігі:
1. слайдтар
2. микроскоп
3. дайын микропрепарат «Дрозофила шыбыны»
4. өсірілген дрозофила шыбыны
5. портреттер: Г. Мендель, Т. Морган
Пән аралық байланыстар: тарих —- ғылыми жаңалықтардың ашылу жылдары.
химия — жасушаның химиялық құрамы.
әдебиет — ұлттық тұрпат, ұлттық сана, тектілік, туыстан берілетін өнегелі мінез – құлық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру -
1. Аудиториядағы оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың құрал жабдықтарын тексеру.
3. «Сәттілік»- оқушылардың жылы лебізі.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Эпилог - пролог
А) Мен жеке тұлғамын -«Ішкі сәуле» ойыны
Жұппен жұмыс: Оқушылар бір - біріне қарама - қарсы сұрақтар қояды. Бұл ойынның басты мақсаты - сұраққа нақты жауап беру.
Б) Экспликация I
Лездік сұрақтар:
1. Генетика ғылымы нені зерттейді? – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті
2. Г. Мендельдің 1 - заңы қалай аталады? – біркелкілік заңы
3. Организмдердің сыртқы белгілер жиынтығы – фенотип
4. Моногибридті будандасу дегеніміз? – бір белгісімен ерекшеленетін будандасу
5. Тұқым қуалаушылық деген не? – ата - анадан ұрпаққа берілетін қасиет
6. Көрінбей қалатын белгі – бәсең, рецессивті
7. 35 - жылдан кейін Г. Мендельдің заңдарын ашқан ғалымдар – Де Фриз, К. Корренс, Э. Чермак
8. Генетика пәнінің негізі қашан қаланған? – 1900 жылы
9. АА – қандай белгі? – гомозиготалы, доминантты (басым)
10. Қызыл гүлді ас бұршағы генотипі АА, гүлі ақ түсті ас бұршағымен будандастырғанда генотипі аа бірінші ұрпағында алынатын гибридтері қандай? – 100% қызыл гүлдер (барлығы қызылт гүлдер)
11. Дигибридті будандастырғанда асбұршақтың қандай белгілерін алды? – сары, тегіс қабықты, жасыл бүдыр қабықты
12. Г. Мендель кім? – тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан чех ғалымы
13. Дигибридті будандастырудағы F 2 ұрпағында қандай үйлесімдер береді? – 9: 3: 3: 1
14. Тұқым қуалайтын белгі жасушаның қай бөлігінде орналасқан? – ядрода
15. Ген дегеніміз не? – хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының өлшем бірлігі
III. Жаңа білімді игеру кезеңі
Экспликация. II
Өзімнің іс әрекетімді болжаймын.
Балалар цитогенетика ғылымы дамуының нәтижесінде жануарлардың аталық және аналық жасушаларында айырмашылық бар екені анықталды. Адам дене жасушаларында 46 хромосома бар.
Сызба нұсқамен жұмыс
Олар 23 жұп түзеді. Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомдар деп атайды. Ал 23 – жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды. Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Х хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада жұп ХХ хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.
Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада Х және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі.
Сүтқоректілерде аналық жыныс - гомогаметалы, аталықтары гетерогаметалы болады.
Слайд « Адам жасушасындағы хромосома жиынтығы»
Томас Гент Морган америкалық генетик тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасаған. Зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбыны дрозофила шыбынын алған.
Белгілердің жыныстық хромосомалары арқылы (Х және Ү) арқылы ұрпақтан - ұрпаққа берілуін жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы деп атайды. Бұл құбылысты Т. Морган дрозофила шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашқан.
Дрозофила шыбынының көзінің қызыл түсті аталығын ақ көзді аналық шыбынмен шағылыстырғанда Ғ1 аналық шыбындар әкесінен қызыл түсті, аталық шыбындар анасынан ақ түсті алғандықтан, белгілер айқас тұқым қуалайды..
Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер анықтайтын белгілердің тұқым қуалауы, Мендель анықтаған белгілердің ажырауынан өзгеше болады. Белгілердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен қыздарына берілуі Крисс - кросс тұқым қуалау деп аталады. Адамда 60 - қа жуық белгілер Х хромосомада тіркескендіктен жыныспен
тіркесіп тұқым қуалайды.
IV. Бекіту
Коррекция «Еркін таңдау жасаймын»
1.« Жұмбақ жәндікті тап» – ойын
Микроскоппен пробиркадағы белгісіз жәндікті анықтау – дрозофила шыбыны
2. Генетикалық есептер шығару №1
Әкесі сау, шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Р Х Ү х Х Х
Г Х Ү Х Х
Ғ Х Х Х Х Х Ү Х Ү
Сау. қыз тас. қыз сау ұл сау ұл
Генетикалық есептер шығару №2
Шешесі сау, гомозиготалы. Әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Р Х Х х Х Ү
Г Х Х Х Ү
Ғ Х Х Х У Х Х Х Ү
Тас. қыз сау ұл тас. қыз сау ұл
Генетикалық есептер шығару №3
Әкесі дальтоник отбасында ұлының дальтоник болуы мүмкін бе?
Р Х Ү х Х Х
Г Х Ү Х Х
Ғ Х Х Х Х Х Ү Х Ү
Тас. қыз тас. қыз сау ұл сау ұл
V. Бағалау, үйге тапсырма – 3 мин
Рефлекция «Нәтижені бағалаймын».
Жыныс генетикасы
- Bax-jan
- 17 наурыз 2014
- 17980
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жыныс генетикасы, биология
Ұқсас жаңалықтар:
Генетикалық есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға генетикалық есептер шығару жолдарымен толығырақ таныстыру....Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетика – тірі организмдердің тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Генетиканың негізін салған Г. Мендель. Біздің заманымызға дейін...Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып,...Мендельдің заңдылықтарына есептер шыгару
Куспанова Жамила...Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Имангалиева Галия Жумабаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.