Сабақтың тақырыбы: Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпжасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру, балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Көпжасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып оларлды тиімді пайдалануға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, маркер, суреттер, үлестірмелер, тірек сызбалар
Сабақ барысы І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢІ
Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып, тексеру.
Балдыр - Теңіз, өзен, көлдерде болады, Бір және көп жасушалы, хроматофор, бір, көп ядролы, таллом.
Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып венн диаграммасын сын сызып толтырту.
ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ КЕЗЕҢІ
Спирогира - жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хромотофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зоосфоралар түзіледі. Олар қозғалып төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зоосфоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі - екіден қосылып, зигота пайда болады.
Түрлі - түсті қағаз, қатты қағаз, файл, жіптер көмегімен жасалған балдырдың спора, зооспора, зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру (жынысты, жыныссыз көбею).
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлыр жасыл балдырлардан өзгеше келеді. О лар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған - қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т. б жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы бес - он шақырым аймақты қамтып 20 - 30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Таллома ( денесі) – таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған
IV. Сабақты пысықтау:
І. Сұрақ – жауап. І. Топқа тест сұрақтары беріледі.
1. Хламидомонада қайда тіршілік етеді?
а) тоқтау суларда
б) өзенде
ә) теңізде
в) көлде
2. Жыныс жасушаларының аталуы?
а) зигота
б) спорофит
ә) гамета
в) гаметофит
3. Бір жасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?
а) 2 млд жыл бұрын
б ) 3 млд жыл бұрын
ә) 1, 5 млд жыл бұрын
в) 1 млд жыл бұрын
4. Топырықта, ағаш діңінде өсетін балдыр?
а) хламидомонада
б) хлорококк
ә) хлорелла
в) улотрикс
5. Хлорокакко балдырлары қалай көбейді?
а) жынысты
б) жынысты және жыныссыз
ә) жыныссыз
в) бөліну арқылы
ІІ. Топқа тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады
1. Балдарлар қайда тіршілік етеді?
2. Таллом деп нені айтады?
3. Хроматофор дегеніміз не?
4. Балдарлар қалай көбейеді№
5. Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан - жақты зерттеуде?
6. Суда тіршілік ететін балдырлардың қандай маңызы бар?
Қорытындылау
Оқушы - аты жөні:
Үй жұмысы Сандық тест Қосымша Қоры
тынды
«5»
0 - 1қате «4»
2 қате «3»
3 қате «5»
0 - 3 қате «4»
4 - қате «3»
5 - қате
ІІ. Сандық тест
1. Берілген балдырдың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын кестеге түсіріңіз?
1. Балдыр атаулары (түрі)
1. хломидомонада;
2. Улотрикс;
3. порфира;
4. хлорелла;
5. Ламинария;
2. Балдырлар бөлімі:
2. 1. қоңыр балдырлар;
2. 2. қызыл балдырлар;
2. 3. жасыл балдырлар;
3. Балдырлардың сипаттамасы:
3. 1. шоғырланған организмдер;
3. 2. жасушалы организм;
3. 3. көпжасушалы организм;
4. Сыртқы құрылысы:
4. 1. денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама;
4. 2. денесі шар тәрізді, сілемейлі, торлы, талшықты жасушалардан тұрады;
4. 3. денесі сопақша пішінді, ұшы үшкірлеу, жағында екі талшығы бар;
4. 4. денесі кең жалпақ қаптам;
4. 5. денесі шар тәрізді, талшығы жоқ;
4. 6. денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама
5. Тіршілік формасы
5. 1. субстратқа ризиоды арқылы бекіп тұрады;
5. 2. талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді
5. 3. су ағысымен пассивті қозғалады.
6. Тіршілік ету ортасы:
6. 1. тұщы суда тіршілік етеді;
6. 2. теңіз, мұхиттарда тіршілік етеді;
7. 1. Хроматофор жұлдыз тәрізді, жасыл, қызыл пигменті бар;
7. 2. Хроматофор сопақша тәрізді, жасыл пигменті бар;
7. 3. Диск пішінді, жасыл, қоңыр пигментті ба бірнеше хлоропласы бар;
7. 4. Хроматофоры жасыл, жартылай сақина пішінді;
8. Көбеюі;
8. 1. төрт жаңа жасуша түзеді, жынысты және жыныссыз көбейеді;
8. 2. екі және төрт зооспора арқылы көбейеді. Әр зооспора субстратқа бекіп, жаңа организмнің бастамасын береді;
8. 3. зооспора арқылы көбейіп, субстратқа бекиді;
8. 4. төрт зооспора арқылы көбейіп, шоғыр түзеді.
9. Маңызы:
9. 1. балыққа қорек, белокка бай мал азығын алу үшін пайдаланылады;
9. 2. мал азығын, агар - агар өндіру үшін;
9. 3. адам тағамға пайдаланады әрі ауыл шаруашылығында мал азығы ретінде;
9. 4. су жануарлары үшін азық
Жауаптары: БАЛДЫРЛАР
1 2 3 4 5 6 7 8 9
V. Қорытындылау кезеңі: көршілес отырған оқушылар бірін - бірі бағалайды, бағалау парағы алдын ала беріледі.
Оқушы аты - жөні
Үй жұмысы Сандық тест Қосымша Қорытынды
«5»
0 - 1қате «4»
2 қате «3»
3 қате «5»
0 - 3 қате «4»
4 - қате «3»
5 - қате
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі:
Есеп №1 1л. Суда 55г хламидомонада болады. 7 л суда қанша грамм балдыр болады?
Есеп №2 500 г хлорелла алу үшін неше литр су жұмсалады? 1 литр - 55грамм.
Есеп №3 1 тонна қоңыр балдырлардан 4кг таза йод шығады. 100 т йод алу үшін неше тонна балдыр жұмсалады? $15 - 16 (оқу)
Балдырлар
- Bax-jan
- 13 наурыз 2014
- 19207
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ жоспары, 7-сыныпқа, биология
Ұқсас жаңалықтар:
Біржасушалы балдырлар
Мақсаты: а) Балдырлар жайында түсінік қалыптастырып беру арқылы білім беру. ә) Балдырларды құрылысына қарай жіктей отырып одан әрі дамыта түсу....Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік
Мақсаты. Кірпікшелі кебісшенің тіршілік әрекеті көбеюі маңызы. Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік пен ізденімпаздығын дамыту. Тәрбиелігі:...Балдырлар туралы жалпы шолу
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің 8 - сынып оқушысы Сағидолда Назерке Ерланқызы...Хлорелланы Мақтарал өңірінде лабораториялық жағдайда өсіру және ауылшаруашы ...
«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі Райкулова Ғайша...Деңгейлік тапсырмалар
Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәнінің мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.