Қосу және азайту. 78+22, 100 - 22
Математика 2 сынып
Мақсаты: Сандардың ондық құрамы туралы біліміне сүйеніп, разрядтан екі рет аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды орындауды қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Екі амалмен шығарылатын есепті салыстыруды, талдау, шешу тәсілдері туралы қорытынды жасайды. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру білімін бекіту. Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, пайымдауларын келтіріп қорытындылайды.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: Оқулық, слайд, суреттер,
- флипчарт, маркер, стикер, бағалау, рефлексия парақтары
Кіріспе 3 мин
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендейді. Мұғалім оқушыларды пішіндер арқылы топқа бөледі.
Қызығушылықты ояту -
Ауызша жұмыс орындалады.
Кел, ойнайық! «Сөз құрастыр»
50 30 89 7 65 20 59 18 76 60
М А Т Е М А Т И К А
Тұсаукесер 10 мин
Үй тапсырмасын сұрау.
- Жазбаша қосу және азайтуды қалай орындадық?
«Математикалық диктант» орындату:
Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
1сағатта неше минут бар? (60 минут)
Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
Бір бұрышта мысық отыр, оған 3 мысық қарап отыр. Барлығы неше мысық?(4 мысық)
Екі қойда неше аяқ бар? (8 аяқ)
92 санында неше ондық, неше бірлік бар?
3 ондық 7 бірлік.
30 бен 40 сандарының қосындысы.
Жарайсыңдар! Тамаша!
Қолпаштау әрекеттері.
Негізгі бөлім
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Қосу және азайту, 78+22; 100 - 22»
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс №1 тапсырма.
А) 70+20 8+2 90+10?
Ә) Қосудың тәсілдерін түсіндіру
1 – тәсіл: 78+22=(78+20)+2=100
2 – тәсіл: 78+22=(78+2)+20=100
3 – тәсіл: 78+22=(70+20)+(8+2)=100
№2 тапсырма.
А) 90 - 20 100 - 10 10 - 2 70+8?
Ә) Азайтудың тәсілдерін шешу:
1 – тәсіл: 100 - 22=(100 - 20)- 2=78
2 – тәсіл: 100 - 22=(100 - 2)- 20=78
3 – тәсіл: 100 - 22=(90 - 20)+(10 - 2)=78
В) Тақтамен жұмыс
№3 тапсырма
65+35=100 100 - 34=66
37+63=100 100 - 56=44
64+36=100 100 - 18=82
«Тапқыр болсаң, шешіп көр»
№4 тапсырма
А) қызғалдақ – 35? гүл
Раушан гүлі --?, 28 – і кем.
Шешуі:
(35 - 28)+35=42 (гүл)
Жауабы: барлығы 42гүл сыйлады.
№5 тапсырма
Әр қатардағы сандарды кему ретімен теріп жазу, екі қатардағы сандарды салыстыру.
98, 89, 87, 78, 64, 52, 46, 25;
91, 84, 71, 48, 32, 23, 19, 17.
Ә) Ұл балалар – 25? бала
Қыз балалар -?. 10 – ы артық.
Шешуі: (25+10)+25 =60/бала/
Жауабы: Барлығы 60 бала қатысты
Махамбет ауданы, Алға орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Бота Куанышева
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Қосу және азайту 78+22, 100 - 22
- aiboll
- 11 ақпан 2017
- 3264
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қосу және азайту, математикадан ашық сабақ, 2 сынып, математика слайд
Ұқсас жаңалықтар:

Қосу мен азайту 26+7; 33 – 7
Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйеніп енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету. 26+7 және 33 – 7 жағдайларындағы қосу мен...
Бірдей сандарды азайту
Бір амалмен шығарылатын есепті талдайды және түрлендіреді, топта ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын жазбаша әдістерімен...
7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...
Қосындыдан санды азайту тәсілдері
Балапашева Жұмагүл Рахметовна Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебі...
8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.