Сайтқа кіру Тіркелу

Заттың атын білдіретін сөздер

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. 82 - 84 - жаттығулар І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты: 1. Заттың атын білдіретін сөздерге, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Көктем туралы түсініктерін кеңейту.
2. Жаттығуларды орындай отырып, талдап өз ойын жеткізе білуге үйрету.
3. оқушылардың ойлау қабілетін, байланыстыра сөйлеуін, сауатты жазуын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырмаларға тиісті қима қағаздар, бағдаршам түстері, топ аттары жазылған қима қағаздар.
Сабақ түрі: аралас
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың әдісі: миға шабуыл, әңгімелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: А, Ә, Б әріптері арқылы 3 топқа бөлініп сабақ өтеміз. Балалар әріптерді алып топқа бөлінеді. Оқушыларға жақсы көңіл күй тілеп, қоңырау өлеңін айтқызу.
Психологиялық дайындық:
Сыңғырлады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға,
Алға қарай бастаймыз
Бүгінгі күн терезеден бізге міне тұр қарап,
Сондай жақсы көңіл күймен басталады бұл сабақ.
Топтық тапсырма берілген кезде топ басшысы өзін - өзі көрсетеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Қазақстан Республикасының Әнұраны.
Балалар мынау сиқырлы шаршы. Сиқырлы шаршы аталу себебі неде деп ойлайсыңдар? Қанекей тігінен, көлденеңнен сандардың қосындысын тауып көрейікші
Қосындының мәні бірдей шығады екен.
Әр шаршыдағы сандардың ішіндегі сұрақтарға жауап берейік:
Қ. Р - ның рәміздерін ата?
Қ. Р - ның астанасы қай қала?
Әнұран сөзін жазған кім?
Әнұран әнін жазған кім?
Жуан айтылатын сөздерге байланысты ереже?
Буын дегеніміз не?
Тасымал дегеніміз не?
Жуан дыбыстарды ата?
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
Й, У, Ң дыбыстарына байланысты ережені айт?
3. Жаңа сабақ.
Суретпен жұмыс: Суреттерге сұрақ қоя отырып, жаңа тақырыпқа байланысты ережені шығару.
Сергіту сәті:
4. Оқулықпен жұмыс:
82 - жаттығу, 95 - бет. Ауызша талдау.
5. Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу Кк
Бір буынды сөздерді оқушылардың өздерінен сұрап, тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасату.
83 - жаттығу, 95 - бет.
1. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап табыңдар?
2. Әр сөзге сұрақ қойыңдар?
3. Көп нүктенің орнына заттардың атын жазыңдар?
Кім? Не?
Қар мұз еріп,
Су көбейіп.
Сай салаға ағады,
Бүршік шашып.
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? Көктем
Олай болса, көктем деп аталатын тараумен танысамыз. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз. Оқушылар тізбек бойынша оқиды.
Топтық жұмыс:
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой, оқы:
А... пан Ә... еш Б... ла
Ал... а Әйн... к Бо... а
А... а Ә... е Бақ...
7. Сабақты қорытындылау:
- Бүгінгі сабағымызды адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Жан - жануарларға, заттарға қандай сұрақтар қойылады?
8. Бағалау.
Үйге тапсырма: 84 - жаттығу, 96 - бет. «Жазғытұрым» жаттау.

№112 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Досманбетова Салтанат

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×