Сайтқа кіру Тіркелу

О дыбысы мен әрпі

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған,
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Халел Рита Есенгелдіқызы

Сабақтың атауы: О дыбысы мен әрпі
Сілтеме: Әдістеме
Сабақтың жабдығы Кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Жалпы мақсаттар:
Оқыту нәтижесі: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ойын.

Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар ақылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
а) Сұрақ - жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс деген не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.

Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.

ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.

2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу

3. Аюдың тапсырмасы:
Отан, торғай, топ сөздеріне дыбыстық математикалық талдау жасату.(скт)
Отанымыз қалай аталады? Отан туралы тақпақтар білесіңдерме?
Бауырсақпен бірге мына буындарды оқиық. Бауырсақ атасы мен әжесіне қайта келіп, олар қатты қуанып, сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.

4. Түлкінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазайық.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі
Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек қасынан....

Рефлексия
Бағалау
Кері байланыс

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×