Сайтқа кіру Тіркелу

Міржақып Дулатов "Қыс" өлеңі

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов. Қыс.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа тарау тақырыбымен таныстыру. Міржақып Дулатов өмірі мен еңбектерін таныстыра отырып, мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.
2. Жыл мезгілдерін ажырата білуге, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, адамдардың қыстағы еңбегі туралы әңгімелеу. Таным белсенділігін арттыру.
3. Табиғатты аялауға, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Жыл мезгілінің суреттері, слайд, сергіту, сөзжұмбақ, сызба, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, тізбектей оқу, сұрақ - жауап, ойын.
I. Ұйымдастыру. 1. Психологиялық дайындық.(қимылмен көрсету)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық елге,
Шуақ шашқан жерге
Бәріміз де бірге.
Өткенді пысықтау.
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Әуелі «Неткен сұлу, неткен көркем. Осы менің туған өлкем» бөліміндегі өтілген тарауды пысықтау. Ұяшықтағы сұраққа нақты және дұрыс жауап беру.
1. «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?.
А) М. Мақатаевтың Б) Ж. Смақовтың
Ә) Ж. Аймауытовтың В) С. Жүнісовтың
2. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі түтіннің иісі»деген жолдар кездесетін мәтінді ата.
А) М. Мақатаев. Отан туралы Б) Ж. Аймаутов. Қартқожаның туған жері
Ә) Ж. Смақов. Отан В) Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
3. Ж. Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан -....
А) Ұлы Отан
Б) Сол Отан
Ә) Жан Отан
В) Бұл Отан
4. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір. Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені?
А) Құмырсқаның Б) Тышқанның
Ә) Құрбақаның В) Жауынқұрттың
5. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір. Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені?
А) Құрбақаның Б ) Көкқұтанның
Ә) Құмырсқаның В) Тышқанның
6. С. Жүнісовтың « Кімнің мекені жақсы?»мәтінін есіңе түсір. Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені?
А) Көкқұтанның Б) Тышқанның
Ә) Құмырсқаның В) Құрбақаның
7. Бөлімдегі М. Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады?
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке.....
А) Ұнатамын Б) Сүйіп өтем
Ә) Мақтан етемін В) Жырлап өтем
8. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?
А) М. Мақатаевтың Б) Ө. Тұрманжановтың
Ә) Ж. Смақовтың В) К. Ахметованың
9. Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
А) М. Мақатаев Б) К. Ахметова
Ә) Ж. Смақов В) Ө. Тұрманжанов
10. Ө. Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады:
Неткен сұлу, неткен көркем,
А) Көгінде күн нұрын төккен
Ә) Жерінде гүл жұпар сепкен
Б) Ел еркіндей бақыт тапқан
В) Осы менің туған өлкем
III. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (аяз)
3. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.
Мұ - ұз Қа - ар
Ұ - А жуан дауысты дыбыстар
Көз алдарыңызға қай мезгіл елестейді?
Бұлар қай мезгілде болады? Қыс мезгілінде.
Қыста талай қызық бар тарауы бойынша біз бүгінгі сабағымызда М. Дулатовтың «Қыс» мәтінімен танысамыз.
Автормен таныстыру.
Міржақып Дулатов (1885 - 1935) Қостанай өңірінде туған. Ақын, жазушы «Оян, қазақ» кітабын жазған. Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс - қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім - тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.
Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
1. Оқушылар іштей, тізбектей оқиды.
2. Түртіп алу стратегиясын пайдалану (астын сызып отыру)
3. Мұғаліммен талдайды
- Мәтін неше бөліктен құралған? (5)
- Әр бөлік қалай жазылған? (азат жолдан)
- Енді мәтіннің әрбір бөлігіне ат қой.
1. Қысқы табиғат
2. Үй жануарлары
3. Адамдардың қамдануы
4. Жылқышы
5. Ертеңгі аяз
Сұрақ - жауап:
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
1. Қыс мезгілі жөнінде не делінген?
2. Қыс мезгілі жануарларға қалай әсер етеді?
3. Мәтінге сүйеніп жылқышы еңбегі жөнінде әңгімеле.
Жаңа сөздермен жұмыс:
Бапсыз – жайсыз
Бек қиын – өте қиын
Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз
Қарыған – үсіткен
Сергіту сәті. Интерактивті тақтаның көмегімен би билеп, сергіту жасайды.
Шырша биі
«Қызықты қыс еліне» шығармашылық жұмыс
1 - топ «Қыс мезгіліндегі тіршілік» әңгіме жазу.
2 - топ Берілген ұйқас бойынша өлең шығару.
......... балалар,
........ тебейік.
..... жауып тұр,
........ көрейік.
3 - топ ВЕНН - диаграммасы. Қыс, күз мезгілдерін салыстыру

Қорытынды «Аққала» ойыны.
Ойын мақсаты: Бұзылған аққала берілген. Аққаланы құрастыру үшін әр бөлшегінде сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрастыру.

1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл? (қалпағы)
2. М. Дулатов кім? (басы)
3. Қысқы ойындарды ата. (денесі)
4. Қыс туралы өлең оқып бер. (қолдары)
5. Қысқы еңбек түрлерін ата.
X. Бағалау. Мадақтау.
XI. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айту. 89 - 90 беттер
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×