Сайтқа кіру Тіркелу

Өткенді пысықтау

Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі Матышева Гульмира Айдархановна

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тиянақтау. Есептерді шығарта отырып, білім, білік дағдыны қалыптастыру. Өз бетімен
жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер, презентация
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін өзі тану
Сабақ түрі: аралас, саяхат.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жұппен жұмыс, топтық, жеке.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық ахуал
- Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
- Слайд1
- Қуанамын мен де,
- Қуанасың сен де,
- Қуанайық, достарым,
- Арайлап атқан күнге!
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасу.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Мақсат қою. Слайд 2
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы,
5 - ке қолды жеткізу

Бүгін біз сабақта өткен тақырыптарды қайталап, есептер шығарып, мақсатымызға жетеміз.
Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетейік, сендерге табыс, сәттілік тілеймін.
Бейнеролик көрсету (Санамақ)
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Бүгін біз сендермен Ғажайыпстанға саяхат жасаймыз. Онда әр түрді ғажайыптар кездеседі.
- Бейнеролик көрсету (Санамақ)
- Сонымен біз тепловоз ТУ - ТУ, ЧУ - ЧУ - мен, Елдос және Аяжанмен ойын ойнап, саяхат жасайды екенбіз.
- Олар бізге не деді?
- Ол үшін топ құру керек деді.
- Алғырлар, Тапқырлар, Білгіштер
- Математикалық жаттығу минуты
- Әр топқа 4 сұрақтан беріледі?
Сұраққа жауап берген топқа геометриялық пішіндер беріледі
- 1. Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?
- 2. Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде?
- 3. Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?

- 1. Түлкі қасқырдан қулау. Қайсысы аңқау?
- 2. Асқар мысығының салмағы қанша екенін білгісі келді? Алдымен өзі өлшенді. Салмағы 35 кг көрсетті. содан кейін мысығын қолына алып таразыға тұрды. Ол 40 кг болды.
Мысығының салмағы қанша?
- 3. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
1. 2 ондық және 5 бірліктен тұратын сандарды ата
2. 4 ондық 7 бірліктен тұратын сандарды ата;
3. Қайсысы артық: 5 дм 3 см немесе 35 см?
1. Тосап қайнату үшін жеміс - жидектер сатып алынды. 6 кг жеміс қайнатылды. 8 кг қалды. Неше килограмм жеміс сатып алынды?
2. Азайғыш 18, азайтқыш 8. Айырманың мәнін тап
3. Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?

Бейнеролик көрсету (Санамақ)
Достарына келді, олармен ҚУЫСПАҚ ойынын ойнағысы келді, бірақ кім жүргізуші болатынын анықтау үшін, санамақты білу керек екен, олар білмейді, біз көмектесеміз бе?
Парақшаларды тарату
1 - Тапсырма
Зайцев технологиясы бойынша
Уақытқа есепте
80 - 50=
40+20 =
76 - 6 =
11 - 3=
12 - 8=
90+10 =
6+8 = 7+9=
100 - 100=

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×