Сайтқа кіру Тіркелу

Ю дыбысы

Пәннің аты: Қазақ тілі
Мұғалім: Дюсегалиева Аккенже Габбасовна
І санатты, Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған

Алғы сөз.
«Қазақ тiлi» пәнiн оқытудың басты мақсаты — оқушыларды (2 - 4 сыныптар) оқуға, сауатты жазуға үйрету, негiзгi тiлдiк ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пiкiрiн еркiн жеткiзе алатын дара тұлға тәрбиелеу болса, әрбір тарау немесе сабақ соңында оқушылардың алған білімін пысықтауға арналған ашық сабақ жүргізу және жабық экспресс тест арқылы білімдерін пысықтау. Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, алған білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы өткізілген сабақ үлгісін ұсынамын.

Сабақтың атауы Ю әрпінің жазылуы
Мақсаты 1. - Ю әрпінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру.
- Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын нығайту, каллиграфиясын жақсарту.
- Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, тест, баяндау, жаттығу

2. Көрнекіліктер: тест, сөзжұмбақ, сызба, оқулық.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру:
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Топ ережесін таныстыру

Үш топқа бөліну сәті.

1. Ұйымдастыру сәті.
Сыныпқа тап ережесімен таныстырған соң, берілген оюдың түстері бойынша үш топқа бөлініп отырады. Осы сабағымызда топ болып Астана қаласына саяхатқа шығатынымызды ескертіп аламын.

2. Үй жұмысын сұрау - тексеру: Әр топ басшысы өз тобындағы оқушылардың үй жұмыс дәптерлерін тексеріп, ортаға баяндама жасайды.
Дыбыстар мен әріптерге байланысты 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын беру. Белгіленген уақыттан кейін дұрыс жауаптарын тақтаға ілу. Оқушылар өздерін өздері тексереді. 2 - 3 оқушы үйге берілген жаттығуды оқып, қалғандары тексереді.

3. «Тақырыптық теннис»
Өткен тақырыпты қайталау. Тақырыпты ашу мақсатында жұмбақты шешу. Кесте бойынша қайталау жұмысы және жаңа сабақты ашу.
Сөйлемдерді ауызша толықтыру:
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?
Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Кестені толтыру.

Мағынаны тану
Тапсырма орындау үстінде
Білімді меңгерту.
Сызбамен жұмыс. Я - /й+а/, Ю - /й+у/ Жазылғанда я, ю әріптері жазылады. Айтқанда йу, йа дыбыстары естіледі.
- Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар сөздердің қай жерінде орналасқан?

Суретке қара. Екі суреттің атына ортақ әріпті тап.
«Автор орындығы» суретке қарап авторы бойынша автор орындығы деп сұрақтарға жауап бересіңдер. Сұрақтарды әр топтан бір оқушыдан қояды.
Оқулықпен жұмыс:
72 - жаттығу. Тапсырма:
1 топ. Өтірік өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздің астын сыз.
2 топ. Бұл сөздегі ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айту.
3 топ. Өлең авторы туралы мағлұмат береді.

Сергіту сәті
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Ой толғаныс

Алғашқы бекіту. 73 - жаттығу.
Тапсырма: Өлеңді оқып, жатқа жаз. Ю әрпінің астын сызып, оның қандай дыбыстардың орнына жұмсалғанын түсіндір.

Өзіндік жұмыс. 74 - жаттығу. Тапсырма: сөздергі У дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатынын түсіндір және солай өзгертіп жаз.
Ребусты шешу және сол сөзге байланысты үш топ сөйлем құрастырып, талдау жүргізу.

6. Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына у, ю әріптерінің тиістісін қойып жазу: еңкею, түсіру, жию, бастау.

7. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я, ю дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай жасаймыз?

Үйге тапсырма
«Идеал тапсырма» стратегиясы. (Шығармашылық ізденіс тапсырмасы)
- Сөздерді көп нүктенің орнына йу, ю әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз.
- Неліктен сол әріпті қойғаныңды дәлелде.
- Ю әріпі кездесетін сөздер жаз және суретін салып келу.
Күнделіктеріне
75 жаттығу жазып алады

Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Әр оқушыға таратылып берілген бағалау парақшасына әр тапсырма туралы өз бағаларын қойып отырады. Сабақ соңында топ басшысы қорытындылайды. Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Рефлексия арқылы оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Астана қаласына саяхат жасай отырып өткізілген сабақ қызықты өтті. Нәтижесінде оқушылар өз - өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×