Сайтқа кіру Тіркелу

Перпендикуляр және параллель түзулер

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,
№18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кенжебаева Аида Бақытжановна

Тақырыбы: Перпендикуляр және параллель түзулер
Мақсаты:
1.«Параллель және перпендикуляр түзулер» туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; есептердің өтілген түрлерін шығару, дағдыларын бекіту.
2. Шығармашылығын, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, достықты құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: саяхат, топтық жұмыс.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, слайд.

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық (хормен)
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Топқа бөлініп отыр.
ІІ. Балалар, математика пәні шапшаңдылықты, жылдамдықты талап етеді. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар өздерінің топтарыңның аты шығады. Ол үшін сендер берілген әріптерден тез, жылдам сөз құрыстыра қою керексіңдер. Топтар топ бақылаушысын сайлайды. Топ бақылаушысы топ ережесімен таныстырып, бағалау парағын жүргізіп отырады.
І топ ПЕРПЕНДИКУЛЯР
ІІ топ ПАРАЛЛЕЛЬ
ІІІ топ ТҮЗУЛЕР
- Осы топтардың аттарына байланысты не айта аласыңдар?
- Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: топ басшылары тексеріп шығады.
Бейнеролик «Қазақстандық Лапландия»
Бұл кешен 2012 жылы 21желтоқсанда Елбасының қатысуымен ашылған болатын. Осы ұланғайыр кешенді құру идеясын ұсынған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев болатын. Кешеннің даңқы күн санап өсуде және де Қазақстандық Лапландияға баруға тiлек бiлдiрушiлер де көп. Өйткені, жаңа жылдың көптен күткен және бас кейiпкерiнiң отанында болуға және ертегiлер құбылысына енуге бәрi де құштар - ақ. Бурабайдың теңдессiз табиғаты мен Қазақстандық Лапландия шын мәнiнде өңiңдегiдей сиқырлы ертегiнi жасайды. «Қазақстандық Лапландия» балалардың Санта Клаустың резиденциясына баруларына мүмкiндiк бердi: ертегi дәлiзi — «Әлемнiң жетi кереметi», нағыз Санта Клаус, Бiрегей сағаттар, Эльфтер мектебi. Сондай - ақ шамандар ауылына да баруға болады. Жегiлген бұғылар мен иттерде серуендеу ұмытылмастай әсер қалдырады. Санта Клаустың поштасына келген әр оқушы ардақты тiлектерiн тiлейдi. Көңiлдi сапар тауда сырғанаумен аяқталады.
Санта Клаустың резиденциясына саяхатымызды бастаймыз.

IV. Дәптермен жұмыс 22 - желтоқсан.
Сынып жұмысы.
22 желтоқсан туралы не айталасыңдар балалар?
22 - шілде – ең ұзақ күн – жазғы Күн тоқырау күні.
22 - желтоқсан – ең қысқа күн - қысқы Күн тоқырау күні.
Көркем жазу: 2016
2016 саның көркем жазып шығу, неліктен мен бұл санды алдым?

V. Жаңа сабақ: «Әлемнің жеті кереметі» деп аталады Қазақстандық Лапландияның ең үлкен әсер қалдыратын және қызықтыратын ертегі дәлізі.
1 кереметі қандай деп ойлайсыңдар «Египет» деп аталады, мұнда Мысыр пирамидаларын тамашалауға болады. Бізге бір неше тапсырма дайындапты, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар сабағымыз одан әрі жалғасады.
1 - тапсырма

А) Суреттегі қандай түзулердің ортақ нүктесі бар? Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? CD, AB түзулердің ортақ O нүктесі бар, EK, OT түзулерінің ортақ N нүктесі бар.
Ә) Түзулер қиылысқанда шыққан барлық бұрыштарды белгіленуі бойынша атандар. Сүйір, доғал, тік бұрыштарды атаңдар? Сүйір, доғал бұрыштар жоқ.
Б) Екі түзу қиылысқанда төрт тік бұрыш шықса, оларды перпендикуляр түзулер деп атайды.
Суретте бейнеленген перпендикуляр түзулерді ата.
В) Егер дәптердің, тақтаның бетіне сызылған екі түзудің ортақ нүктесі болмаса, оларды параллель түзулер деп атайды.
Суретте бейнеленген параллель түзулерді ата. ВС, ДА. ТК, ОЕ.

Келесі « Әлемнің жеті кереметінің» біреуі « Лондон» деп аталады мұнда Букингем сарайы мен Бигбен сағатын тамашалауға болады.
Топпен жұмыс №2 жазуды жалғастыр:
DK кесіндісіне тиісті нүктелер -….
DK кесіндісіне тиісті емес нүктелер -...
OD сәулесіне тиісті нүктелер -….
OD сәулесіне тиісті емес нүктелер -….
EK түзуіне тиісті нүктелер -….
EK түзуіне тиісті емес нүктелер -….

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×