Мұғалім: Рахимжанова Т. Ж.
Сынып: 3 «Е»
Сабақтың атауы Көбейту мен бөлуді қайталау
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже
Сабақ типі: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдылары жетіледі
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттері артады., шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысы қалыптасады.
Тәрбиелік: Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық үлестірмелер, оқулық, дәптер.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ - Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің - Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің - Шыңдық, бірлік, адалдық
Олай болса балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабақта біз көбейту және бөлу тақырыбы бойынша алған білімімізді пысықтаймыз.
Қызығушылықты ояту
Ой толғаныс
1 - кезең. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
А) Тірек білімді белсендіру: Миға шабуыл. Көбейту мен бөлу кестесін қайталауға арналаған жаттығулар.
«Жұбыңды тап» ойыны. Берілген карточкалармен оқушы өз жұбын табады.
Ә) Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құр.
20: 2+5
120: 10
4 х 3
9 х2
3 х 6
80 : 2 – 12
200 : 10
5 х 4
7 х 4
5 х 3
Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді, бағалайды. Бағдаршам
Б) Көбейту мен бөлу кестесін қайталау
4х9
24: 3
3х6
36: 4
3х7
40: 4
7х4
21: 3
6х2
28: 4
1х9
18: 2
Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді және бағалайды (Бағдаршам)
В) Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыс
Көбейту мен бөлу кестесін тексеру. Амалдарды орындау «Кім жылдам» ойыны
1 - ші қатар
(34+20): 6
80: 10+12
100 - 8х10
(85 - 15) х9
0х (42+7)
2 - ші қатар
(76 - 26) х 8
49: 7 х 8
46 - 64: 8
50 – 24: 3
4х5+4х9
3 - ші қатар
81: 9 х 6
34 +6 х 9
90 – 7 х 8
(24 + 16): 8
Интерактивті тақтада жауабын тексереді.
Г) Сұрақтарға жауап бер
- екі жұмыртқаны 6 минут пісіреді. Осындай 8 жұмыртқаны қанша уақыт пісіреді?
- мыналардың қайсысы уақыт бірлігі емес: секунд, апта, километр, ай. (километр)
- қандай бірдей үш санның көбейтіндісінің мәні 1 - ге тең болды. (1х1х1=1)
- қайыңда 28 алма өсіп тұрды. Оның 5 - ін қарға алып кетті. 4 - і жерге құлады. Қанша алма қалды?
- Ер адамнан «неше балаңыз бар деп»сұрапты? Сонда ол «менің төрт ұлым бар және олардың әрқайсысының туған қарындасы бар»- деп жауап беріпті. Оның неше баласы болған? (бес)
- қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма немесе 1 кг темір ме? (бірдей)
- Салтанат кітаптың 16 бетін, ал Серік 8 бетін оқыды. қайсысы артық және неше есе артық?
- Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (барлық айда)
2 - кезең. Операциялық - орындаушылық кезең.
А) оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс
№ 1 тапсырма б 103 №3
А) Фигураның периметрін табу. Өзін - өзі бағалау бағдаршам
Оқушылар өздері орындайды, жұппен талдайды, өзара тексереді, қателерін түзетеді.
Ә) Жұптық жұмыс №3. Өзара тексеру. Бағалау. бағдаршам
Б) Өздік жұмыс.№6 Бағалау. Бас бармақ.
3 - кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір - бірін бағалайды.)
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта
мен үйрендім:
маған қызықты болды
маған қиын болды
мен түсіндім
Сергіту сәті
Логикалық сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма Бет 104 №7
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Көбейту мен бөлуді қайталау
- Tolkin_1967
- 18 қаңтар 2016
- 10904
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көбейту, бөлу, бастауыш сыныпқа математика
Ұқсас жаңалықтар:
Көбейтудің және бөлудің комоненттері
Сабақтың мақсаты: А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу...Санды 2 - ге көбейту мен бөлу
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызының...Санды көбейтіндіге көбейту
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...5-ке көбейту және бөлу.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна...4-ке көбейту және бөлу
Қараой мектеп бала бақшасының бастауыш сынып мұғалімі: Мұхтарова Гүлмира Таңжарбайқызы 3 сынып Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.