Сайтқа кіру Тіркелу

Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі 4-сынып

Шымкент қаласы,
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Айман Жаксыбаевна

Әдебиеттік оқу 4 - cынып
Тақырыбы: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі.
Мақсаты:
Мәтіндегі негізгі идеяны өз беттерінше ұғынуға жол ашу.
Білімділік: Соғыс кезіндегі ана мен бала өмірімен таныстыра отырып, қарлығаш туралы толығымен мағлұмат беру.
Дамытушылық: Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге шығармашылық ойлауына ықпал ету.
Тәрбиелік: Бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйрету. Қоршаған ортаны қорғауға, қатыгездіктен аулақ болуға, қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті, құстардың макеті, құстарға арналған ұя суреті, мәтіннің желісімен жасалған сюжетті сурет, бор, тақта.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сыни тұрғыда ойлау технологиясы, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өтіп едік?
- Адамның нашар мінезін.
- Қандай мінездері туралы білдіңдер?
- Ызақорлық, еріншектік.
- Ызақор адам қандай болады екен?
- Осылардан құтылу үшін не істеу керек деп едім, мәселен ызақор болмас үшін?
- Ал еріншектік деген не?
- Еріншек болмас үшін не істер едіңдер?
- Салақ болмау керек, надан болмау керек, тазалықты сүю керек, еңбекқор болу керек.
- Мен сендерге адамның жақсы және жаман мінездері туралы жазып келіңдер деп едім, жазып келдіңдер ме?
- Иә,
- Ал, қане сен айта ғой.
ЖАҢА САБАҚ
Қызығушылығын ояту:
- Олай болса балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, осы мінез - құлыққа байланысты оқиғамен бастаймын. Ол оқиға құстар туралы болады. Мен сендерге бір оқиға туралы баяндап берейін деп отырмын, тыңдауға дайынсыңдар ма?
- Иә.
- Олай болса тыңдаңдар, тақырыбы «Қарлығаштың ерлігі»....
- Балалар, Есімбектің бойындағы қасиеттерді саралап айтып бере аласыңдар ма?
Балалар айтады.
- Жақсы, ендеше сендерге осы оқиғадағы қарлығаштың бойындағы үш түрлі мінезіне сипаттай аласыңдар ма? Олар мыналар: «қамқор», «батыл», «еңбекқор». Осыларды үш топ бөліп алып, әр топ өзінің пікірлерін айтады. Сонымен бірінші топқа «Қамқор» екінші топқа «батыл» үшінші топқа «еңбекқор» ал бастаңдар, ойлануға, бір минут уақыт беремін.
(әр топты ұпаймен бағалау)
Оқулықпен жұмыс
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз құстар тақырыбына, оларды қорғауға және қалай қорғауға болатын жолдарын табуға арналады.
«Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі
Мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
- Балалар мәтінді оқыған кезде мұқият кітапқа қарап өзімізге түсініксіз сөздердің астын сызып отырамыз. Міне оқиға осылай аяқталды.
Сөздікпен жұмыс.
Жамырап кету – төлдің енесін еміп қою.
Азаннан – таңертеңнен
Шөпшек – отқа жағатын қу бұта.
Тақуа – дінге берілген адам.
Көгендеу – малдың төлін енесінен жеке байлау.
Там – Қазақстанның кейбір аймағында үйді там дейді.
Пұшайман болу – күдіктену.
Мәтінмен жұмыс. Үш топ кезекпен мәтінді оқиды. Оқып болғаннан кейін мәтіннің желісімен жасалған сюжетті суретпен бейнелейді.
- Енді сендерге осы әңгімені үш топқа бөліп беремін, өздерің іштей оқыңдар.
- Бірінші топ: «Сен тыңда, мен саған бір әңгіме айтып берейін...» деген жерге дейін.
- Екінші топ: «Содан ұшпасын деп қанатын қидым қайшымен»
- Үшінші топ: соңғы бөлігін оқиды.
Мәтіннің бірінші бөлімі: «Сен тыңда, мен саған бір әңгіме айтып берейін» деп аяқталады.
Сұрақ:
- шешесі баласына қандай жаза қолданды?
- өзіңнің басында осындай оқиға болып пе еді?
ата - анаң саған не деп еді?
Екінші бөлім: «Содан ұшпасын деп қанатын қидым қайшымен» деп аяқталады.
Сұрақ:
- сенің ата - анаң мұндай
қылығыңды қалай бағалар еді?
- Оқиға әрі қарай қалай шиеленіседі деп ойлайсыңдар?
Тыйым сөздер
- аққуды атпа.
- Құстың ұясын бұзба
- Тыйым сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Тағы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
- Қалай ойлайсың қыз баланың мұндай қылыққа
баруына сол кездегі жағдай себеп болды ма?
- Оқиға әрі қарай қалай шиеленісер екен?
- Анасына барлық жайды айтуға батылы жетер ме екен?
Үшінші бөлім: «Бір қалың жиде түбін қолыммен тырналап қаздым да, соған көмдім» деп аяқталады.
Сұрақтар:
- Кейіпкердің әрекетіне баға бер?
- Қай жері дұрыс, қай жері бұрыс?
- Неге ұя бұзуға болмайды?
Мәтіннің соңғы бөлімін кезектегі топ оқушыларына оқыту.
Қорытынды:
Сұрақтар:
 Анасы қызының сөзіне сенді ме?
 Жалпы мәтіннен қандай ой түйдің?
 Адам өміріндегі құстардың пайдасы қандай?
 Соғыс кезіндегі балалар өмірі қалай сипатталған?
 Анасының әңгімесі балаға қалай
әсер етті?
Сендер қыздың іс - әрекетін жасайсыңдар ма?

Сергіту сәті. «Қарлығаш» өлеңі орындалады
Сендер қазақ халқы ауа райын қалай болжағанын білесіңдер ме?...
- Білмесеңдер мен айтайын.
1. Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады екен. Ал аяқтарын бауырына қысса, күн суық болады, немесе күн боран болады.
2. Қызылқаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа қуаңшылық, құрғақшылық болады деген сөз.
3. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, жауын - шашынды болады.
4. Қараторғайлар топтанып ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
5. Аққу сол түстіктен оң түстікке кеш қайтса, күз ұзақ әрі жайлы болмақ.
6. Торғай шаңға аунаса - жаңбыр болады.
7. Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса – күн ашық, төмендеп
ұшса – жаңбыр жауып, жел болады. Олай болса, қарлығаштарымыз әр кез аспанда биіктеп самғай берсін, ауа райымыз қолайлы, аспанымыз ашық, күніміз жақсы өтсін деп, бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.

Білімді бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау.
Үйге тапсырма беру кезеңі: Мәтіннің әр бөлімін болған оқиғаға байланысты дауыс ырғағымен оқу. Қарлығаштың суретін салып келу.

Слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ауа райын болжау хақында

Ауа райын болжау хақында

Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан - ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс - тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың...
Құстар біздің досымыз

Құстар біздің досымыз

Мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тұрмыс - тіршілігімен танысу, көркем сөздермен сөздік қорын молайту. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,...
Қанатты досымыз қарлығаш

Қанатты досымыз қарлығаш

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін толықтыру. Құстарды ажыратып, атын атай білуге, құстар туралы халық болжамдарын игеруге дағдыландыру....
Қамқорлық

Қамқорлық

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Қамқорлық

Қамқорлық

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×