Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау.
1. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін тиянақтау. Сөзді буындап, тұтас оқу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.
2. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
3. Оқушылардың таным қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жұма
Жұма күні сәтті болсын,
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді сыйлайық.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
2. Өткен әріптерді қайталау.
1.«Қар үйіндісі» ойыны
- Қардан нелер жасауға болады?
- Аққала, т. б.
- Ендеше, аққала жасайық. Ол үшін қардың тапсырмаларын дұрыс орындайық.
Оқушылар алдарына қар қиындылары беріледі. Сол қардағы жазылған әріптерді атап, дыбыс түріне ажыратады.
Осы әріптен басталатын сөз ойлап айт.
- Дыбыс дегеніміз?
- Әріп дегеніміз?
- Буын дегеніміз?
- Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыстарды қалай ажыратуға болады?
2. Көркем жазу минуты
Аққала аққала аққала
2. Жұптық жұмыс
- Қыс мезгіліндегі қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Жұмбақ
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
- Ендеше, жұбымызбен бірге шаңғы тебеміз.
Тапсырма.
Буындардан сөз құрау.
1. Ұш 2. Қыш
3 жа 4. Рыс
- Сөзде неше әріп, неше дыбыс, буын бар.
- Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.
4. Тақтамен жұмыс
Сөздерді тақтаға жазғызу.
5 Жұмбақ.
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге
6.«Сөз ойла, тез ойла»
Сағат - тарақ - қала - алма
7. Мәтінмен жұмыс Тізбек бойынша оқыту.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
«Қар» «Қыс» «Аққала»
- Мәтін не туралы айтылған?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
8. Топтық жұмыс
1. Адасқан әріптер
А ш а н - р а қ - л м а а –
2. Сөйлемді көшіріп жаз
Қыс келді. Қар жауды. Мұз қатты.
3. Жоғалған әріпті тап.
Жуса......,... дыс,...... па, тағ......, бұза....
4. Суретті жұмбақ
5. Не? Нелер?
Қозы - қозы....
Әріп - әріп.......
Сергіту сәті.
- Балалар осы қыс мезгілінде тонын ауыстыратын қандай жануарды білесіңдер? Не себепті ауыстырады екен деп ойлайсыңдар?
«Сұр қоян» өлеңін қимылмен көрсету.
Суретті диктант
шана, мұз, қар, аққала суреттері ілінеді. Оқушылар дәптерге атауларын жазады.
Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Жаңа жылда не күтесіңдер?
Балаларды мадақтап сыйлықтар тарату.
Сауат ашу. Қайталау сабағы
- toi24091988
- 9 желтоқсан 2015
- 14105
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып сауат ашу, Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Ж ж дыбысы мен әрпі
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты: 1. 2. 9. 1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1. 2. 1. 2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі...Буындардан сөз құра
Сабақтың тақырыбы: Буындардан сөз құра...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...Тест
Сауат ашу. 1- сынып...Баланың тіл байлығын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай- балабақшасы Жамекова Кулай Ермековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.