Атырау қаласы,
№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді салыстыру
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Өрнектерді өрнекпен салыстыруға; салыстыру нәтижелерін, яғни теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс жазуды және оқуды үйрету; құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
Танымдылық тапсырмалар, ребустар арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Логикалық ойлауларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Зейіншілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, ақ параққа жазылған өрнектер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достым
Қайырлы күн болсын!
Күлші, кәне, досым,
Бүгінгі жұма күн міне,
Сәттілікке толсын.
4 - тік, 5 - тік бағалар,
Күнделікке толсын!
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Қайталау
Айырманың компоненттерін қайталау.
Қосындының компоненттерін қайталау.
Кесінділерді, үшбұрыш пен шаршыны қайталау
1. Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру
IV. Жаңа сабақ: Жаңа материалмен таныстыру.
Оқушыларды белсенді қатыстыра отырып, практикалық жұмыс жүргізу. Тақтаға 3 ұл бала 3 қыз бала шақырылады да, олардың сандары жазылады, содан кейін 4 ұл бала және 4 қыз бала шақырылып, екінші қатарға тұрады. Тақтаға сәйкес өрнектер және теңдік жазылады:
3 + 4 = 4 + 3 екінші қатардағы бір ұл мен бір қыз балаға орындарына отыру ұсынылады.
Сұраққа жауап алу
Енді өрнектерді жаза аламыз ба? Не шықты?
4 + 3 > 3 + 2
Қорытынды жасауы тиіс: екі өрнекті салыстыру үшін алдымен олардың мәндерін табу қажет.
Оқулықпен жұмыс: №1 тапсырманы ауызша талдап, түсіндіру.
Дөңгелектерді саната отырып, орындату, түсіндіру.
4 + 2
4 + 1
6 – 2
6 – 1
6 – 2 4 + 1
№ 2 тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
№ 3 тапсырма. Қалып қойған сандарды ата:
... 5...
7... 5
4... 6
0... 2
№ 4 тапсырма. Дәптерге орындау. Өтілген материалды бекіту.
V. Өздік жұмыс № 4 – 63 бет
3 + 1 * 1 + 2
3 - 2 * 3 - 1
4 - 2 * 2 + 2
4 - 3 * 1 + 1
VІ. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп - түзу боп отырып,
Әдемі етіп жазайық.
VІІ. Дәптермен жұмыс №1 тапсырмада алдымен сурет бойынша өрнектер құрастырылады. Оларды тақтаға немесе дәптердегі суреттің астындағы арнайы берілген торкөздерге жазған дұрыс. Суретке сәйкес өрнектерді міндетті түрде оқу керек. Енді балаларға оларды салыстыру ұсынылады. Екі тәсілмен салыстыруға болады:
1) алдымен өрнектің мәнін тауып (жоғары жағына жазып қоюға да болады), содан кейін оларды салыстыру;
2) өрнектерге салыстыру жұмыстарын жүргізу (сол жақ бөлігінде 2 - ге 1 - ді қостық, оң жақ бөлігінде 2 - ге 2 - ні қостық, демек сол жақтағы өрнек кем).
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау
Өрнектерді салыстыру
- bibka
- 5 желтоқсан 2015
- 5352
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өрнектерді салыстыру, жоспар математика 1 сынып, теңдіктер мен теңсіздіктер
Ұқсас жаңалықтар:
Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Турмагамбетова Акслу...Салыстыру
Павлодар қаласы, №35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Жумабаева Жаркынай Жасталаповна...Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту
Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...4 саны
ШҚО, Семей қаласы «№ 48 ЖОББМ» КММ Даярлық тобының тәрбиешісі Сулейменова Лайла Чакеновна...Математика - ғылымдар патшасы
Сабақтың тақырыбы: «Санды өрнектер»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.