Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайтудың тәсілдері: ±1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту, сандық қатарды, санның құрамы туралы білімдерін қолдану.
Сабақтың мақсаты: Сандар қатарының негізінде бөліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту. Тірек білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Шапшаңдық дағдыларын арттыру. Мысалдарды математикалық тілде оқуларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Математикалық ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, логикалық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, бірін бірі сыйлауға, пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, ой туғызу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы, карточкалар, фигуралар
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: пысықтау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достар
Арайлап атқан таңға!
ІІ. Өткенді қайталау
- Балалар, мына тақтадан не көріп тұрсыңдар? – Ақ қағаз.
Дұрыс. Осы ақ қағазға аппликация арқылы суреттер салайық. Тақтада дайын әр түрлі суреттер тұр. Сол суреттерді ақ қағаздың бетіне желімдеуіміз керек. Осы суреттердің артында тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ қана желімдейміз. Сонда суреттің бізге не айтпақ екенін білеміз.
1. Әуелі жұмбақты шешейік.
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
- Күн бізге не үшін керек? Ол не береді?
Күннің тапсырмасы:
«Көршісін тап» ойыны
.... 2.... 4....
7..... 9.....
.... 6.... 8.....
2. Жұмбақ шешу
Зәулім де тұрағы,
Тіреусіз тұрады. (Бұлт)
Бұлттардың тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс.
Сандарды өсу ретімен және кему ретімен жазамыз.
3. Жұмбақ шешу
- Мынау ұлан байтақ елімізде әр адамның өз кішкентай отауы болады. Ол өз – үйі.
Үйдің тапсырмасы:
7 - 1 - 1=5
5+1+1=7
3+1+1=5
5 - 1 - 1=3
2 +2+2=6
8 - 2 - 2=4
1+2+2=5
- Балалар, енді маған бір сұраққа жауап беріңдерші.
- Сендер қандай пішіндерді (фигураларды) білесіңдер?
Сергіту сәті. Пішіндер әні.
4. Жұмбақ шешу
Қысы - жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан. (Шырша)
Шыршаның тапсырмасы:
Сандар құрамын анықтау.
1 - қатар – 10 саны
2 - қатар – 8 саны
5. Жұмбақ шешу
Жауып еді алғашқы қар,
Қуанды оған балалар.
Жұмырлап алып ақ қарды
Жасады олар... (аққаланы)
Аққала сендерге бір себет толы алмалар алып келіпті. Осы алмаларды екі қатар - дың балалары алу керек. Қай қатар алманы көбірек алса, сол қатар жеңіске жетеді
Алманың тапсырмасы:
Әр алманың артында өрнектер жазылған. Екі қатардан оқушылар шығып, өрнек - тердің мәнін табады.
0 + 6
10 – 6
4 + 5
7 – 2
5 + 2
3 + 6
9 – 5
1 + 9
7 + 2
4 + 3
8 – 2
10 - 5
1 + 8
7 – 0
7 – 4
6. Жұмбақ шешу
Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (коньки)
Конькидің тапсырмасы:
Салыстыру
6 * 9
7 * 7+2
8 * 5
9 – 5 * 3
10 – 1 * 6 + 2
3 + 2 * 9 – 3
ІІІ. Қорытынды
- Ал, енді, балалар, сендер ақ қағаздың бетіне қандай бейнені бейнеледіңдер?
- Қыс.
Осы қыстың бейнесін бейнелеу арқылы тапсырмалар орындадық.
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?
- Қыста қандай мерекені тойлаймыз?
- Осы суреттерден қандай фигураларды көріп тұрсыңдар?
- Қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Қатысқан балаларды мадақтау.
Үйге тапсырма: күнделіктеріне жазылады.
Қосу мен азайтудың тәсілдері
- gulmirash
- 5 желтоқсан 2015
- 3069
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қосу мен азайтудың тәсілдері, санның құрамы, математикадан ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қосу мен азайту 26+7; 33 – 7
Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйеніп енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету. 26+7 және 33 – 7 жағдайларындағы қосу мен...Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; Дамытушылық:...8 саны мен цифры
Мақсаты: 8 - ке дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8 - ке дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын...4 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және саннан 4 - ті азайту тәсілдерімен таныстыру. Қосылғыштардың біреуі 4 болып...2 санын қосу және азайту
Тақырыбы: 2 санын қосу және азайту Авторы: Шотыбасова Анар Асановна Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Ы.Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі Білімі:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.