Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айгүл Кокогова
Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты: Түйе туралы жырды түсініп оқып суреттеу, шудасы, төлі, жүрісі туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы сөздік қорын дамыту. Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі - түсті үлестірме қағаздар, бағалау бетшесі, қайшы, маркер, кетіргіш, желім. А 3, А 4 бетшесі. Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар,
Сабақтың әдісі: диалог, сто,
Модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
2. Өткенді еске түсіру
А ) «Сиыр» жырын жатқа айту
Б) Топтық жұмыс
1 – топ: «Зеңгі баба» Сиыр шаруашылығы және оның негізгі бағыттары
2 - топ:«Қамбар ата» Жылқы шаруашылығы және оның салалары
3 - топ:«Шопан ата» Қой шаруашылығы
3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер - тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (түйе)
ІІ. Тұсаукесер
Қызығушылығын ояту мақсатында түйе туралы қызықты ақпарат беру.
Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін 5000 жыл шамасындай мезгіл болған. Содан бері түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналған. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.
Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Жүнінің 85 пайызы таза бағалы түбіт.
Түйенің екі түрі бар. Қос өркештің таза қандысын - бактриан, нардың таза қандысын - дромедар деп атайды. Қос өркешті түйе - інген, жалғыз не сыңар өркешті түйе – нар деп аталады. Жасында жақсы бағылып, күтілген түйе қыстық азығын денесі мен өркешіне жияды. Қыста ұзақ шөп жемей, су ішпеген кездерінде сол бойындағы жиналған майымен күнелтетін де қасиеті бар.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. «Түйе» жырын алғашқы оқу
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы
3. Өлең жолдарына қарай талдау жасау (ұйқасын табу, мағынасын ашу)
4. «Ой қозғау» (мақалдарды оқып, түсінігін әңгімелеу)
5. Топтық жұмыс
1 - топ – Түйе жүнінен жасалатын бұйымдар
2 - топ – Түйе сүтінен жасалатын бұйымдар
3 - топ – Түйе терісінен жасалатын бұйымдар
ІҮ. Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақта қандай үй жануарымен таныстық?
Түйенің төлін қалай атайды?
Түйе жүрісі қалай суреттелген?
Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Бағалау бетшелеріндегі ұпай санына қарай жиынтық бағалау жүргізу
«Нені білдім?», «Нені үйрендім?», «Нені түсіндім?» сұрақтары бойынша кері байланыс жасау.
Үйге тапсырма: «Түйе» жырын жаттау. Түйенің пайдасы тақырыбына реферат жазу
Түйе
- Abenova Agiba
- 5 қараша 2015
- 2380
- 0
- 0
Ілмек сөздер: түйе туралы сабақ, бастауыш сыныпқа арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Сахараның шұбырған түйелері
Түнде менің түсіме жиі енеді Сахараның шұбырған түйелері. Түйенің өркешінде жыр боталап, Түйенің боздауынан күй өледі....Түйе туралы мақал-мәтелдер
Түйе — шудасын, Жылқы жалын, Сиыр мүйізін төсейді. Түйе байлық, жылқы мырзалық....Түйе - шөлге бейім жануар
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, “№ 21 жалпы орта білім беретін мектебі“ КММ 2 «б» сынып оқушысы Нұрланова Томирис Жетекшісі: Ермаханова Т. Е....Түйе малының қазақша атауларының ұлттық-танымдық сипаты
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің 7 - сынып оқушысы Бектұрғанов Алтынғали...Түйе – төрт түліктің төресі
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №2 Жалпы білім беретін орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Бисенгалиева Асель...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.