Сайтқа кіру Тіркелу

«Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы

Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы
Сілтеме: Оқулық «Атамұра» баспасы Авторлары: Қабатай. Б. т. РахметоваС. Р.
Google сайты. Электронды оқулық. 2018 ж
Сабақтың мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармаларымен таныстыра отырып, Балалық шағының көрінісін әңгімелеу.
Міндеттері 1. Сәлемдесу түрлері мен ол туралы нақыл сөздерді үйрену
2. Жеті атаның білу керектігін ұрпақ үшін маңыздылығын түсіндіру
3. Үлкендерге үнемі сәлемдесіп отыру адамгершілік қасиетін көрсететінін түсіну
Тапсырмалар: «Уақыт шеңбері»,»Ойланып көр», ««Жаңа сөзбен танысайық!»,
«Бұл кім?», Сен маған, мен саған, «Конверт - сұрақ», «Жеті атаңды танып біл!», «Конверт - сұрақ», «Жеті атаңды танып біл!», «Рахмет»тренинг
Түйінді идеялар: Мәтінді топтасып орындай отырып талдауға интерактивті
дағдыны арттыру.
Кейінгі оқуға Мазмұнын айту, реферат жинақтау, альбом жасау
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, жұптық, топтық жұмыс, топтастыру, сұрақ - жауап., ротация
Пайдаланылатын ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, плакаттар, соғыс суреттері. хат конверті

Жүру барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
3 топқа бөлу
Бағалау критерийлерімен таныстырып өту
Мына менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау менің басым
Бәрін осы басқарған
Мынау менің сол қолым, мынау менің оң қолым. Барлық істі атқарған
Мәтін мазмұнын шеңбер жасау арқылы бөлімін жеке сұрау

«Бұл кім?»
Бауыржан Момышұлының суретіне қарап кім екенін, шығармасын, туған жерін анықтап айту

Мұғалімнің сөзі:
Бауыржан Момышұлы (1910 - 1982 ж. ж.) - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал - майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады
Биыл Ұлы Отан соғысына неше жыл? 2015жылы Ұлы Отан соғысына 75 жыл толады. Қазіргі уақытта ардагерлердің алды 80 - жастан асқан болса, көбі бақилық болып кеткен. Бірақта біз олардың ерлігін ұмытпаймыз. Қазақстан ішіндегі Атырау облысының қандай соғыс ардагерлерін білесіңдер?
Батыр аға - апаларымыз туралы білесіңдер ме?

Жеке оқыту, сұрақтарға жауап береді.
«Ойланып көр!»
1. Бауыржан неліктен сырттан киіз үйге қайта келді?
2. Ол үлкендермен қалай амандасты, неліктен?
3. Әр адам неліктен өзінің ата тегін білу керек?
«Жаңа сөзбен танысайық!»
Ататегі - арғы аталары
Баппен - асықпай
Араз – тату емес, өш

«Сен маған, мен саған»
3 топ бір - біріне мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындау

«Конверт - сұрақ»
Сұрақты суырып топта жауап береді
Сағат тілімен жүре отырып,
сұрақтарға жауап береді және топқа қайта келіп бағалайды
1 Сәлемдесу туралы нақыл сөздер жаз
2. Оқулықтағы жеті ата туралы нақыл сөздің мағынасын түсіндіру, жаттау
3. Мәтін неліктен «Ұшқан ұя» деп аталды
Топта ойланып жауап береді

«Жеті атаңды танып біл!»
Сөздерді орнына қойып жазу, кестені толтыру 3 топтан жеке оқушыдан толтыру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

«Нақты жауап айдары!»
«Ел тану деген - не?» өз ойларымен жеке айту
Жеке өз ойларын мәтіннен түсінгенін әңгімелеу
Мыс: сәлемдесу, жеті атаңды білу, үлкенді сыйлау, әдепті болу.

Жалпы білім беретін
Өркен орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мағданова Ақсауле

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×