Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру.
Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын ашық, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Оқушыларды ізеттілікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Техникалық құрал: интертақта
Көрнекілігі: тірек - сызбалар, карточкалар
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Қайталау – білім анасы»
Үйге берілген жаттығуды оқыту, талдау. Қыстырма сөздерді табу.
«Мен қандаймын?» қыстырма сөздерді кірістіре отырып, өзі туралы жазып келу.
Интертақтадан көрсетілетін қайталау сұрақтарына жауап алу, тірек сызбалар арқылы қыстырма сөздер туралы білімдерін пысықтау.
Тест жүргізу.
3. Жаңа сабақ «Мағынаны тану»
1. «Сөз құдіреті» өлеңін оқып таныстыру.
Бал қаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз.
Абай айтқан ақын сөз,
Бауыржандай батыр сөз,
Боксер қолды шымыр сөз,
Есек мінез қыңыр сөз,
Өз анаңдай жұмсақ сөз,
Тыным таппас бір сәт сөз,
Сөз - ой - пікір шалқары,
Сөз де адамға тартады. ( М. Әлімбаев)
- Оқыған өлеңім не туралы?
- Сөздерде мағынасына қарай қандай болады екен?
- Сөз туралы не білесің?
Интертақтадан тірек - сызба арқылы түсіндіру.
- Сөз неден құралады?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөз нені білдіреді?
- Сөз мағыналары туралы не білесің?
Оқулықпен жұмыс «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.»
1 - жаттығу
Ауызша орындату. Оқушыларға оқытып, талдату.
«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз»
2 - жаттығу
Сызбаға қара. Бұл туралы не айта аласың?
Сөз мағынасының түрлері
Мағынасы жуық Дыбысталуы бірдей, сөздер мағыналары әр басқа сөздер
Мағынасы қарама – қарсы сөздер
Оқушыларға сөз мағынасының түрлеріне мысал келтірту.
Тақтамен жұмыс:
3 - жаттығу
Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің мағынасы туралы не айтасың?
Бөлменің терезесі ашық. Айшаның мінезі ашық.
Ашық – айтылуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.
Ашық - баяндауыш, ашық - сын есім болып тұр.
Оқушылар бір - біріне көп мағыналы, мағынасы қарама - қарсы сөздерден мысал келтіру.
Ашық - жабық, ашық - қою, алма - ал, қас - дос.
Алма - жеміс, алма - болымсыз етістік
«Оқы да біл, ойна да күл» Сергіту сәті
Сөздер сайысы
1 - топ Бір сөз ойлайды.(әдемі)
2 - топ Қарама - қарсы сөз ойлау (көріксіз)
3 - топ Мәндес сөз ойлау.(сұлу)
«Өз бетімен жұмыс» 4 - жаттығу
Мағынасы жуық сөздерді бір бөлек, мағынасы қарама - қарсы сөздерді бір бөлек топтастыр. Солай топтастыру себебін дәлелде.
Сөздік жұмыс жүргізу: шалғай, зәулім, көркем.
«Күш білімде» ребус шешу
Жауабы: Кітап - білім бұлағы
Бұлақтың суы мол, мөлдір екен. Бұлақ - дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
«Ойлан тап» Мен бөрене тілер әйдікпін.(ара)
Гүлдерден бал жинайтын жәндікпін..(ара)
Ара - дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
Түнде жарық беріп тұратын планета.(ай)
Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл.(ай)
Қорыту: Карточкамен жұмыс:
1 - топ: Тауқымет сөзіне мағынасы жуық сөздер тауып, мысал келтір.
«18 - ғасырдың бірінші он жылдығында қазақ елінің еңсесін басқан,
тауқыметі мол кезең еді» қай мәтіннен алынған?
2 - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жатқа айт.
Сабырсыз, арсыз, еріншек, алауыз сөздеріне мағынасы қарама - қарсы сөздер келтіру.
3 - топ: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»деген сөзді кім айтты?
«Түс» сөзін қандай мағыналарда қолдануға болады?
Бағалау: Бәрекелді - 5
Жарайсың - 4
Әттең - 3
Үйге тапсырма: 6 - жаттығуды аяқтау.
Сөз және оның мағынасы
- Arailum
- 10 маусым 2015
- 17299
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен ашық сабақ, сөз және оның мағынасы
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;...Сөз және оның мағынасы
Мақсаты: Сөздердің әртүрлі мағынасын қайталай отырып; сөздердің мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге, ажырата білуге үйрету және...Түбір және қосымша
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Сөз және оның мағынасы
ШҚО, Аягөз қаласы, "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Баямбаева Нуржанат Болатовна...Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.