Сайтқа кіру Тіркелу

Адам өміріне не қажет?

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
«№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна

Дүниетану
1. Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне не қажет?
Мақсаты: 1. Адам өмір сүру үшін қажетті шараларды біліп, оқушыларға адамға өмір сүру үшін қажетті сұраныстарды анықтатып, түсіндіру;
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқушылар сұраныстарды тілектерден бөліп қарау қабілеттерін жетілдіру;
3. Жұптасып өмір сүруге баули отырып, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: суреттер
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ - жауап, ой қозғау т. б.

Сабақ барысы
1. Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;
2. Дүниетану пәнімен, оның авторларымен, шартты белгілерімен таныстыру;
3. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Кіріспе әңгіме:
- Балалар, сендер өмір деген сөзді қалай түсінесіңдер? (балалар өз ойларын айтады)
- Дәптерлеріңе «ӨМІР» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді, соны жазыңдар. (жазғандарын оқытып, саралау)
- Біз қай елде тұрамыз? Біздің елде адамдар жақсы өмір сүру үшін қандай жағдайлар жасалған?

Кітаппен жұмыс:
Т. Қоңыратбаевтың «Ұланы еркін елімнің» өлеңін оқып талдау:
- Балалар, осы өлең жолдарынан нені ұқтыңдар? Ақынның Ұланы деп отырғаны кім?
- Өлең қандай мағынада жазылған, сендерден өтініп сұрап тұр ма, әлде тілек тілеп тұр ма?

Жаңа материалмен жұмыс:
Мәтінді оқып, талдау жүргізу:
- Ал осы мәтінге сүйеніп айтып көріңдерші, сендерге өмір сүру үшін не қажет?
- Мәтіндегі белгілер сызығындағы сөзді табайықшы:
- «Шөлдедің. Саған не керек? Әрине Су іздейміз.
- Кәне адам қатты шөлдеп, су ішкеннен кейін қандай сезімде болады?
- Қаймақ, сүт, айранды бір тілім нанмен жұтып алғың келеді. Яғни саған не керек? Әрине НАН қажет еттің. Яғни адамға су мен бірге не қажет екен? (су, тамақ)
Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту, бөліктерге бөліп оқыту.
Дәптермен жұмыс:
Пробл. ситуация: « Егер мен шөлдалада жүрсем...», «Егер мен бірнеше күн тамақсыз отырсам...» Жазған жұмыстарын оқытып, талдау

Сергіту сәті:
3. Жаңа білімді бекіту:
а) Интеллектуалды ойын ұйымдастыру:
Көкпар (сұрақ - жауап) Бәйге (Ұйқасын тап) Мәре (Жұмбақтар)
ә) Мәтінмен жұмыс: тауып оқыту
- Сонымен бүгін адам өміріне қажетті қандай заттармен таныстық?
Бұл қызық! Бөлігін оқытып сұрақтарға жауап алу:
- Сонда адам өміріне су мен тамақтан басқа ең бастысы не қажет екен?
Сусыз бес күн, Ауасыз бірнеше минут – салыстырып, дәлелдету,
Мысалы сендер сабаққа келгеннен бастап, үйлеріңе қайтқанша сусыз отыра бере аласыңдар.
Ал, ауа жұтпай отыра аласыңдар ма? кәне тексерейік: (оқушыларға мұрындарын жапқызып, қанша минут шыдайтындарын бақылау)

4. Қорытынды:
Жұптық жұмыс: - Балалар адам өміріне қажетсіз заттар да болады екен. сол туралы өздерің білетін заттарды жұптаса отырып жазып шығыңдар (жазғандарын оқытып, дәлелдету, пікірталас)
- Сонымен адам өміріне ең бастысы не қажет екен? өз өмірлеріңе не қажет?
Әр балаға осындай «қажеттілік - тілек»
жазылған карточка таратып, толтырту;

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, «Қажеттілік – Тілек» тақырыбына өз ойларында жүрген суретті салу
6. Бағалау;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×