Сайтқа кіру Тіркелу

Тұқым және жеміс

Тақырыбы: Тұқым және жеміс
Мақсаты: Тұқым және жеміс туралы тақырыпты меңгерту. Түсініп оқуға, түсінігін айта білуге дағдыландыру. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. Өсімдіктерді танып білуге, күте білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жеміс дәні, тұқым, суреттер, сөз жұмбақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, іздену.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлік ( амандасу, балаларды түгендеу.)
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өткен сабақтардан ерекше болмақ, біздің сабағымызға бүгін қонаққа қоян келіп отыр, қоян сендерден көмек сұрап отыр. Міне, мына шетте сәбіз тұр, сол сәбізге қоянды жеткізуіміз керек. Ол үшін қоян сендердің бүгінгі сабақтарыңды бақылап отырып, осы сабақ соңына қарай сабаққа байланысты сұрақтар қояды, сендер сол сұрақтарға жауап берсеңдер қоян сәбізіне жетеді. Қоянға көмектесеміз бе? Ендеше сабаққа шын ынтамызбен кірісейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Үйге не берілді? Үй тапсырмасын сұрау)
Күзде жапырақ неге сарғаяды? Оқу, талдау.
Міне, балалар сендердің арқаларыңда қоян сәбізіне бір қадам жасады.
ІІІ Білімдерін тексеру. Жапырақтың түсі неге жасыл? Жапырақ неге түседі?
Өсімдік мүшелерін ата? Жапырақтар неге сарғаяды?
(Тамыр, сабақ. Күн суытқаннан.(көрнекіліктермен жұмыс))
Сендердің дұрыс жауаптарыңның арқасында, қоян сәбізіне тағы бір қадам жасады.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тұқым және жеміс
Ү. Жаңа сабақ.
- Ендеше балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар.
- Сабағымызға кіріспес бұрын сөзжұмбақ шешейік.(сөзжұмбақ шешкізу, жұмбақтар шешу арқылы)
Мәтінмен жұмыс: Оқу, талдау, әңгімелеу
Жеміс – өсімдіктердің бізге тартатын сыйы. Жемістің гүлден пайда болатынын, жеміс ішінде тұқым барын әңгімелету. Тұқым мен жемістің әр түрлі уақытты жетілетінін айту. Алманы бөліп мысал келтіріп, тұқымын көрсету.
- Дәптермен жұмыс. Тұқым 2 - ге бөлінеді шырынды және құрғақ. Шырынды жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, қияр, қызанақ, қауын, қарбыз т. б. жатады.
Ал, құрғақ жемістерге: жаңғақ, бидай, жүгері, тары, сұлы т. б. жатады. (көрнекіліктермен жұмыс)
- Оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Ал енді, балалар, қоянның сендерге қояр сұрағы бар екен? Гүл түйіні дегенді қалай түсінесің? Жемістің ішінде не болады? Жемістер қандай болып бөлінеді? Құрғақ жемістерге нелер жатады? Шырынды жемістер ше? Өсімдіктер не арқылы таралады? Өсімдіктер қалай таралады?
Міне, балалар, сендердің арқаларыңда қоян сәбізіне жетті.
ҮІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не білдік?
ҮІІІ. Бағалау. Өте тамаша, оқушылар, енді қоян сұраққа жауап беріп сәбізіне жеткізген оқушыларды бағаламақшы.
ХІХ. Үйге тапсырма: 65 - 67 бет оқу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×