Ана тілі 1 класс
Тақырыбы: Не деу керек? Буын.
Мақсаты: 1. Оқушылардың буын жайлы білімдерін кеңейту, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарын ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Буын жайлы білімдерін кеңейту
2. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу.
3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы өз пікірін еркін айтуға үйрету.
Әдісі: СТО технологиясы, ой қозғау, сұрақ қою, топпен жұмыс, болжау, топтастыру стратегиялары. Венн диаграмма
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, сыпайы сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, бүгін күндегіден ерекше сабақ. Себебі, біздің сыныпқа сіздердің білімдеріңді көру үшін апайлар қонаққа келіп отыр. Олай болса, біз өз білімімізді жақсылап көрсетуге тырысайық.
Психологиялық дайындық..
Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын.
Сәлем деймін күнге мен,
Шаттық әнге басамын
Айналама қарасам,
Ғажайыптар қаншама.
Сан жетпейді санасам,
Сәлем деймін баршаға.
Сынып 3 топқа бөлініп, өз аттарын, ұранын таныстырады. I топ: Тапқырлар «Ұқыпты ұтар» II топ: Алғырлар «Іздеген табар» III топ Ойшылдар «Оқыған озар» Ұраны: Бәрі: «Еріншек тозар»
II Үй тапсырмасын тексеру 1. Сәлемдесу түрлерін атап бер. Сәлем беру. Ассалаумағалейкум, Амансыз ба? Сәлеметсіз бе? Қалың қалай? Сәлем! Есенсіз бе? Әр топ сәлемдесу түрлерін көрсетеді.
I топ: Қария мен баланың амандасуы
II топ: Ауылдан келген әжені қарсы алып, құшақ жая амандасу
III топ: Құрбысымен амандасу
Сәлем бермей тұрып, сөз бастауға болмайтынын байқадыңдар. «Сәлем сөздің - анасы» деген мақал бар. Сәлемдесу, үлкенге құрмет көрсету, кішінің міндеті. «Сіз» деп сөйлеу сыпайылықты, әдептілікті, мәдениеттілікті білдіреді. Әр уақытта өздеріңіз көргендей үлкендерге, апайларға сәлем беріп жүріңіздер.
III. Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс. Кішіпейіл - кісіліктің белгісі. Кішіпейіл - бұл әдепті, сыпайы бала. Барлығымыз да Абзал сияқты, кішіпейіл де сыпайы бала болайық. Болжау, топтастыру стратегиялары Ал, балалар, біздер қандай сыпайы сөздерді білеміз? Сыпайы сөздер: мүмкін болса, рақмет, өтінемін, сау болыңыз, рұқсат па?, сәлеметсіз бе?, кешіріңіз
- Балалар, мынау кім?
– Әнуар Дүйсенбиев. Қазақ балалар жазушысы.
- Біз ән сабағында қандай өлеңдерімен танысып едік?
- «Ақ тайлақ», «Қуыршақ»
– Біз енді Әнуарбек Дүйсенбиев ағамыздың балаларға арналған «Не деу керек?» деген жұмбақ өлеңімен танысамыз.
1. Өлеңді әнімен айту.
2. Балалар жұмбақ өлеңді шешіп отырады
IV. Оқулықпен жұмыс 3 топ өлеңді мәнерлеп оқиды. Балалар шешуін табады.
Бекіту: 1. Бұл өлеңде не туралы айтылған?
2. Қандай сыпайы сөздерді үйрендіңдер? Балалар, «рақым етіңіз, кешіріңіз, айып етпеңіз, өтінемін» сияқты сөздерді жиі айтуға тырысыңдар. Осындай сөзді көп айтқан бала - әдепті. Әдепті бала мен әдепсіз баланы
Венн диаграммасында салыстыру.
Әдепті
Әдепсіз
Әдепті бала ата - анасын мақтатар Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар
Сергіту: Ойын: «Буынға бөле білесіз бе?» (Суреттер көрсету) I топ: торғай, сәбіз, балық II топ: мысық, түйе, қоян III топ: қаз, балапан, аққу Олай болса, буынға ереже құрайық Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.
V. Дәптермен жұмыс Буын 58 - жаттығу. Дауысты дыбыстарды атау.
А - па, ә - же, а - та, кө - ке, ше - ше, на - ға - шы, жи - ен.
Кубизм стратегиясы.
Шығармашылық тапсырма I топ: Ребус құрау II топ: Сөз құрау III топ: Ұйқасын тап
V. Бекіту сұрақтары. 1. Бүгін сабақта кімнің өлеңімен таныстық?
2. Өлеңнің аты қалай аталады?
3. Өлеңде не туралы айтылған?
VI. Үйге тапсырма. Не деу керек? Өлеңді жаттау. Әдептілікке мақал жазу.
VII. Бағалау Балалар келген қонақтарға тілектерін айтады.
Хор:«Еңбекшіл осындай, болайықшы досым-ай» әні
Не деу керек? Буын.
- bibka
- 11 наурыз 2015
- 6226
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Не деу керек? Буын
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сыпайы...Әдеп туралы мақал-мәтелдер
Әдепсіз бала Ауыздықсыз атпен тең Ақылды кәрия Жазып қойған хатпен тең....Не деу керек? Буын
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әлиева Гүлсім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.