Сынып жетекшілер апталығында 1 «Ә» сынып оқушылары арасында өткен «ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Біріншіден, оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Екіншіден, оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге өзіндік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады. Үшіншіден, жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика.
Құрылымы: интеллектуалды ойынға 6 оқушыдан құралған 3 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 18. Ойын 8 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Сегізінші кезеңнен кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Мұғалім:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің 1 «ә» сыныбында өтетін «Зерде» атты интеллектуалдық - танымдық ойынға қош келдіңіздер! Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
«Достық» тобы. Ұраны: Достығымыз берік болсын,
Білім, өнер серік болсын
«Болашақ» тобы. Ұраны: Болашақтың ұл - қызымыз,
Көркейтеміз елді біз.
«Қыран»тобы. Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
Әділ – қазы алқасымен таныс болыңыздар:
Бүгінгі сайысқа «Достық»,«Болашақ» және «Қыран» топтары қатысады.
Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді,- дей келе ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады.
I кезең Таныстыру
II кезең «Бәйге»
III кезең «Сиқырлы әріптер»
IV кезең «Сиқырлы шаршы»
V кезең «Кім жүйрік?»
VI кезең Логикалық тапсырмалар
VII кезең «Дода»топ басшылар сайысы
VIII кезең «Білімпаз»
Сайыскерлерге сәттілік тілейік! I кезең Таныстыру
Әр топ мүшелері өздерін таныстырады.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.- дей келе II кезең Бәйгені бастаймыз - Сұрақтарға ауызша жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр топқа 6 сұрақтан қойылады.
«Достық» тобына
1. Аптадағы күндерді ата
2. Қыс айларын ата.
3. 3+5
4. Тірі табиғатты ата
5. 1 жылда неше мезгіл бар?
6. Түйенің төлін ата
«Болашақ» тобына
1. Үй жануарларын ата.
2. Үй құстарын ата
3. Өлі табиғатқа не жатады?
4. Сиырдың төлін не дейді?
5. Көктем айларын ата
6. 8 наурыз – қандай мереке?
«Қыран» тобына
1. 4 қабырғадан тұратын фигураны ата
2. 3 санын 7 - ге арттыр
3. 9санын 4 - ке кеміт
4. 10 - 7
5. Табиғат нешеге бөлінеді?
6. Қойдың иесін ата.
III кезең «Сиқырлы әріптер» қазақ алфавитінен кез келген 1 әріпті таңдайды. Сол әріптен басталатын сөз жазады. Адамның аты мен қала аттары жазылмау керек. Нәтижесінде қанша сөз жазса сонша ұпай беріледі. Уақыт 3минут беріледі.
IV кезең Сиқырлы шаршы сайысын бастаймыз - 10, 20, 30 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Әр топ 3 рет таңдайды. Ұпай аз сайыскерден бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді. Ұпай сол жауап берген топтың еншісінде. Жауап берген оқушы ұяшық таңдайды.
10 20 30
30 10 20
20 30 10
Жоғарыдағы 10 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Жоғарыдағы 20 Дауыссыз дыбыстарды ата.
Жоғарыдағы 30 Әліппенің атасы кім?
Ортадағы 10 Дауысты дыбыстарды ата
Ортадағы 20 Төрт түліктің төлдерін атап бер.
Ортадағы 30 Қосудың компоненттерін ата
Төмендегі 10 Төрт түлікті ата
Төмендегі 20 Дыбыстар нешеге бөлінеді? Атап бер.
Төмендегі 30 Азайтудың компоненттерін атап бер.
V кезең Кім жүйрік?- бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді.
«Достық» тобына
10 – 3
8 - 6
5+4
2+7
9 – 7
6+4
1+8
7+2
8+0
3 - 3
«Болашақ» тобына
10 – 7
3+6
2+6
9 – 3
3+5
5+2
5 – 4
6 – 5
5 – 5
6+0
«Қыран» тобына
10 – 8
7+3
4+5
3+5
7+0
8 – 8
8 – 6
2+7
1+8
5+4
VI кезең Логикалық тапсырмалар
Фигураларда қанша үшбұрыш бар? Көрсетіп санап бер.
VII кезең «Дода» Топ басшылар сайысы
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген
Қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күші бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар деп келесі ойынымызды бастаймыз.
Тақтаға есептер ілінеді. Топ басшысы есепті таңдап өзі шығарады. Топқа ұпай қосады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай
VIII кезең «Білімпаз» Үш топқа да бір тапсырма беріледі. 3 минут уақыт беріледі. Қас сөзінің бір әрпін өзгертіп жаңа сөз жасау.(жас, бас тас, қос, құс, қар, қат, қаш, қақ, қап, қал) Қанша дұрыс сөз жазылса, сонша сан ұпайға қосылады.
Қорытындылау:
Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытынды шығару.
Жеңген топты марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
«Сиқырлы шаршының» тапсырмасы
Жеңген «Достық» тобының мүшелері.
«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны
- ramuk_b
- 14 ақпан 2015
- 6354
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ЗЕРДЕ интеллектуалдық танымдық ойыны, бастауышқа арналған ойын сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
«Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын
Мақсаты: оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету...Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...Бастауыш сыныптарға арналған «Зерде » білім сайысы
Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әр...XXI ғасыр көшбасшысы ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Міндеті: 1. Білімділік: Ойы жүйрік, танымдық...Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.