І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз
Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа жақсы қатысамыз. Сабағымыздың мақсаты төрт түлік малдар туралы толық мағлұмат алып, пысықтау.
Қазір біз топқа бөлініп алайық. Үстел үстінде сандар жатыр. Сол сандардың кез – келгенін аламыз.
Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
І топ – «Сиыр»
ІІ топ – «Түйе»
ІІІ топ – «Қой»
ІҮ топ – «Жылқы»
II. Үйге берілген тапсырманы сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Түйе» өлеңін жаттауға берілді.
Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады.
ІІІ. Қайталау - білім кілті. Түйе - киелі жануар.(топтастыру стратегиясы)
1. Пірі - Ойсылқара.
2. Қос өркешті және бір өркешті болады.
3. Көлік ретінде пайдаланады.
4. 30 - 40 жылға дейін өмір сүреді.
5. Еті, сүті, жүні пайдалы.
6. Шөлге шыдамды, 10 күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.
7. Ыстыққа, ұзақ жүріске шыдамды.
IV. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе
Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген оны бар (қой)
2. Ер қанаты не? /ат/
3. Төрт аяғын тең басқан. ( түйе
4. Жабағыдан кейінгі не? (тай)
5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (Айран
6. Ешкінің төлі. ( лақ)
7. Сүттің түсі қандай? (ақ)
8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп аталады? (Уыз)
Сонымен бірінші қатардағы, торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?
- Қайталау.
- Қандай ауыз әдебиетінің саласымен таныс едік?
Төрт түлік туралы жырлар.
Яғни бүгінгі тақырыбымыз, Төрт түліктің кеңесі деп аталады.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты ашамыз. Мәтінге саусақ түсірейік. 2 мин
1. Мұғалім оқу.
2. Іштей оқу.
3. Хормен оқу. Әр топ өзінікін.
4. Мұғалім түсіндірмесі. 2 мин
Сиыр айтады екен. Мен шөбі қалың жерге барсам, Тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.
Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау - тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді.
Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.
Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді.
Жұппен жұмыс
Суреттерге зер сал. Мәтіндегі сөз тіркесін пайдаланып, қай түлік қай жерді қалайтынын айт.
Қой 1 сурет: күнгейлі қара тас
Сиыр 2 сурет. Қалың қорыс ну
Жылқы 3 сурет: бетегелі бел
Түйе 4 сурет: жалмаң құлақты сор
Топтың екі оқушысы бір - біріне мазмұнын айтып береді. Бұған 1 минут уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы шығып келесі топқа айтып береді. 1 мин
Сергіту сәті. Жануарлардың дыбысын салайық.
Малдарды қалай шақырамыз?
Әр топ айтады. Алдарына шар беріледі. Сол шарға 1 минутта өз жануарының суретін салады. Салған суретке ұпайды мен беремін.
Дәптермен жұмыс Бүгінгі күнді жазып тақырып жазылады, тақтадағы сөздер дәптерге жазылады. 2 минут
Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптеріңе теріп жаз
Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні
Тұрмыс жағдайы төмен адам-------Қоры үзілген қу
Еңбекқор адам----------------------Шаруа қуған
Батыл, өжет адам------------------Найза ұстаған ер
Шаруасы жақсы, бай адам--------Ел ішіндегі зор
Қоры үзілген қу - азығы таусылған кедей.
Зор – бай адам
Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады
Сен білесің бе?
Слайдпен жұмыс
Қазақта малды топтап жаятын болған
Түйе тобын – келе
Жылқының тобын – үйір
Сиырдың тобын – табын
Қой - ешкінің тобын – отар дейді.
3 - тапсырма. 10 мин
Шығармашылық жұмыс. Әр топ өзінің тобын қорғау.
Әр топ өзінің жануары туралы жаттаған өлең, тақпақ, жұмбақ ізденіс жұмыстарын айтып береді. Бұған әр топ белсенді қатысуы керек.
Төрт түліктің кеңесі
- Рысгүл72
- 28 қаңтар 2015
- 4115
- 0
- 0
Ілмек сөздер: төрт түлік малдар туралы толық мағлұмат алу, мал жайлы сөзжұмбақ
Ұқсас жаңалықтар:
Төрт түлік мал
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалина Өтебике Есқалықызы...Төрт түліктің кеңесі
Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...Үй жануарлары
Білім беру саласы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: 1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал...Төрт – түлігім ырысым
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.