Сайтқа кіру Тіркелу

Ө дыбысы мен әріпі

Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: «Ө дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөз, сөйлемдерді оқуға, жазуға үйрету, оқу дағдысын арттыру, талдау жасай білуге қалыптастыру
2. Дамытушылық: тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту,, оқуға төселдіру
3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік әдісі, сұрақ - жауап, ой толғау
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың оқу құралын түгендеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты бастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 «Жоғалған әріпті тап» ойыны
Мұ□, тұ□, қобы□, та□ы, қымы□, қо□ы, жа□.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
З - қандай дыбыс? З дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мысалдар келтір ( сөздің басында, ортасында, соңында)
2 Мәтінді тізбектей оқыту «Мұз айдыны»
3. Топтастыру арқылы мәтінді бекіту.
«Сөз ойла, тез ойла»ойынын ойнату.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
«Кім тапқыр?» ойыны
Шөлде бар, суда жоқ
Көлде бар, нуда жоқ. Ө әрпі
- Ө - жіңішке дауысты дыбыс. Хормен дыбыстату.
Ө дыбысы бар сөз ойлату. Ө дыбысы сөздің қай жерде келетініне назар аударту.
а у о ы ұ е і ә и ө
О - жуан, Ө - жіңішке дауыстылар
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасату
1. Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын суреттер арқылы түсіндіру
2. Мәтінмен жұмыс «Өркеш» (электронды оқулық)
Мәтінді тізбектей оқыту.
Ойын: «Жоғалған буындар»

Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Ойын: «Адасқан сандар»
Шығармашылық жұмыстар.
Ү. Дәптермен жұмыс
Ө дыбысының әріп таңбасын (бас және кіші әріптерін) жазғызу, сөздер жазғызу
ҮІ. Сабақты бекіту
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
VII. Үйге тапсырма: «Өркеш» мәтінін оқып, мазмұндау.
VIII. Оқушыларды мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×