Сайтқа кіру Тіркелу

Тәулік. Математика

Математика 2 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәулік (1 тәул), ай, апта.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: уақыттың жаңа өлшем бірліктері – секунд, жыл, ғасырмен таныстыру; уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, есептеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік мәні: Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, математикалық диктант, көрнекілік, өздік жұмысы.
Пән аралық байланыс: күнделікті өмірмен, дүниетанумен байланыс.
Көрнекілігі: уақыт бірліктеріне байланысты әртүрлі суреттер.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың өту әдісі: дәстүрлі.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
ІІ. Өткенді пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Қорытынды.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
Қарлығаш боп ұшайық, қане қанат жазайық.
Ұшып – ұшып алайық, орнымызға қонайық. (үш рет қайталап айту)
ІІ. Өткенді пысықтау. Математикалық диктант.
645 санын 40 - қа кеміт; 320 санын 40 - қа арттыр; 582 мен 580 сандарының айырмасын тап;
420 санын 80 - ге арттыр; 982 санын 900 - ге кеміт; 236 санын 6 - ға кеміт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Неше жыл мезгілі бар? Жазда неше ай бар? Қыста, көктемде, күзде ше? Бір айда неше күн бар?
- Сағаттың ең жылдам тілі нені, ең баяу тілі нені көрсетеді? 1мин.-? секунд.
Оқулықпен жұмыс.
№1 Ауызша түсіндіріледі. Сағатпен жұмыс
№ 2. Суретпен жұмыс.
№ 3 Күнтізбе бойынша анықта. Кесте бойынша есептер құрастырады.
№ 4 1 тәулік - 24 сағат +5 =29 сағат
№ 6 өздік жұмысы ретінде беріледі.
№5 Жауабы: 27+(27 - 7)=27+20=47
ІV. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: 98 - бет №7
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×