Сайтқа кіру Тіркелу

Оқуға құштарлық

Сабақтың тақырыбы: «Оқуға құштарлық» 2 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімнің, оқудың қажеттілігін түсіну.
Сабақтың міндеті:
- Оқушылардың өзін және айналасын тануға, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.
- Оқушыларды өз ойын ашық білдіруге, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, жинақылыққа, білімге қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілік: интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, тілек ағашы суреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
•«Шаттық шеңбері»
«Бақытты балалық шақ». Сөзі: Ж. Тұрбеков. Әні: Ә. Еспаев
•«Ойланайық, пікірлесейік»
- Адамға білім не үшін қажет?
- Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
- Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
- Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Сыныпты 4 топқа бөлу: «Оқу», «Білім», «Өнер», «Еңбек»

ІІІ. Жаңа сабақ. «Оқуға құштарлық»
1 - топ: «Оқу» тобы: Кітаптың пайдасы туралы топтап жазу.
2 - топ: «Білім» тобы: «Оқу, білім» туралы мақал - мәтелдер жазып, мағынасын ашу
3 - топ: «Өнер» тобы: «Оқу, білімге» байланысты өлең шумақтарын оқиды
4 - топ: «Еңбек» тобы: Суретпен жұмыс
Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Мақал – мәтелдер
1. Оқу – білім бұлағы,
2. Білім – өмір шырағы
3. Оқу – инемен құдық қазғандай.
4. Оқу түбі – тоқу.
- Кітап – білімнің бұлағы. Қайнар көзі. Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес. Кітап адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын, құнды дүниелерге қол жеткізеді.
4 топ жұмысын қорғап ортаға салады.
• «Табанды бала» мәтінмен жұмыс.
- Бала мақсатына қалай жетті?
- Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті.
- Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?

•Жаңа ақпарат.
Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді. Білім адам игілігіне қызмет етеді. Ал сендерге сол білімнің негізін салушы ол мұғалім.
Ұстаз:
- біліммен сусындатады;
- тәлім - тәрбие береді;
- өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
- табиғатты танып - білуді меңгертеді;
- адамдарды түсінуге үйретеді.
Ұстазымызға ризашылығымызды бiлдiрейiк!
«Кітаптың жыры» Е. Ашықбаев. (Өлеңді жаттау)
- Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?
- Кітаппен қалай дос болуға болады?
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» (Халық мақалы)

Білім:
- Өзіңді, өзгені танытады;
- Өмірді түсінуге көмектеседі;
- Табиғат құпияларын ашады;
- Болашаққа жетелейді.

«Жүректен жүрекке». «Ақылшы - мұғалім» Сөзі: Ә. Дүйсенбиев. Әні: И. Нүсіпбаев
— Бiлiм бергенiңiз үшiн рақмет!
— Оқуға үйреткенiңiз үшiн рақмет!
— Ақыл - кеңесiңiз үшiн рақмет!
— Жылы жүрегiңiз үшiн рақмет!
— Жақсылыққа тәрбиелегенiңiз үшiн рақмет!
ҮІ. Қорытынды бөлім.
(Тілек ағашына өз тілектерін жазып ілу)
ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×