Сайтқа кіру Тіркелу

Мәндес сөздер

Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Мағынасы қарама – қарсы сөздер туралы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
2. Оларға қазақ тіліндегі мағыналары бір - біріне жақын сөздер туралы алғашқы түсінік беру.
3. Оқушылардың сөздік қорын байытып, сөздерді мағыналарына қарай орнымен қолдануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық - бағдарлау кезеңі.
Ертеректе бір ханның Батыр, Ержүрек, Батыл, Өр, Өжет, Өткір атты ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта тату - тәтті бірге өмір сүруді ойлайды. Сөйтіп ол ат қою үшін бәйге жариялайды: Балалар біз де сол хандықтың атын тауып, бәйгені бірінші болып алсақ қайтеді? Ол үшін, төмендегі жұмбақтарды шешіп көрейік. Жұмбақтардың жауаптарының бірінші әрпін қосып айтсақ хандықтың аты белгілі болады.

1. Белі бүкір, алысқа түкір.(Мылтық)

2. Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап? (Әліппе)

3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы.
(Найзағай)
4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,
Тебеміз сәті түссе аяқпен де.
Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,
Басынан сипамайды аяп пенде.(Доп)

5. Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.(Ерін)

6. Сырт - сырт соғады,
Уақыт озады. (Сағат)

Жұмбақтардың шешуіндегі алғашқы әріптерді біріктіріп мәндес деген сөзді шығарады.

ІІ. Оперециялық орындаушылық кезінде жұмыс әдеттегіндей тілдік құбылыстарды көрнекі кесте арқылы байқатудан басталады:

Мәндес сөздер
♦ Сөйлемдер
1. Апам жолға тамақ әзірледі.
2. Апам ас пісірді.
3. Апам тағамдарды дорбаға салды.
4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді. тамақ

♦ Мағынасы ұқсас сөздер
ас
тағам
дәм

- Мына кестедегі сөздерге назар аударайықшы: тамақ,, ас, тағам дәм деген сөздер мына сөйлемдерде нені білдіріп тұр?
- Адамның ішетін тамағы дегенді білдіреді.
- Бұлар қандай сөздер?
- Мағынасы жақын сөздер.
- Дұрыс, балалар. Тілімізде мағыналары бір - біріне жақын, мәндес сөздер де болады. Ал өздерің қандай мәндес сөздерді білесіңдер?
- Адам, кісі.
Ал 290 - жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқиды:
Сары балапан
Жем бергенде, жем жейді,
Кел! Дегенде, келмейді.
Балапаным сары үрпек
Әрі қорқақ, әрі үркек.
Өлеңдегі мағынасы жуық сөздерді табады.
Одан әрі оқулықтағы 291 - жаттығу мұғалімнің тікелей басшылығымен орындалады. Жаттығуда көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасын жуық сөз тауып жазу тапсырылған.
Мәселен:
Алыс, қашық, шалғай:
Зәулім, биік:
Әдемі, сұлу, көркем:
Батыр, ер, батыл, ержүрек:
Таяу, жақын:
Аяз, суық:
293 - жаттығудан мысалға ат қояды, «ірі» сөзіне синоним сөзді табады.
Сабақта берілген ұғымды үлестірмелі қима қағаздардан таратып беруге болады:
№1
Төменде берілген сөздердің мәндес сыңарларын тауып, тұсына жаз.
Дос,...
батыр,...
Бет,...
ақырын,...
№2
Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін таңдап алып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Күн /нұры, сәулесі/ түсті.
2. Менің /досым, жолдасым/- Серік.
3. Қонақтар төрге /отырды, жайғасты/.

ІІІ. Рефлекциялық - бағалар кезінде берілген ұғымды «қане, кім жылдам?»ойыны арқылы да бекіте түсуге болады. Ойынның шарты: тақтаға бір сөйлем жазылады.
Мысалы: Айгүл - әдемі қыз. Сөйлемдегі әдемі сөзіне оқушылар баламаларын ойлап табады. Ең көп ұпай жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі.(әдемі, сұлу, әсем, көркем).
Берілген «Қанат» сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып жазыңдар.

Қ - қайратты, қажарлы, т. б.
А - ақкөңіл, ақжарқын, адал, т. б.
Н - намысшыл, намысқой
А - ақылды, анғарымпаз
Т - тапқыр, талантты
Сабақ соңында жанадан түсіндірілген ұғым ауызша пысықталады. Үйге төменде берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, жұп-жұбымен көшіріп жазу тапсырылады: батпақ, жетістік, саз, жалғау, табыс, мүлгу, тосу, күту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×