Cабақ: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Денсаулық құпиялары. Денсаулық – өмір негізі.
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру, денсаулығын бағалауға тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Әрбір аялдамаға байланысты суреттер, жүрекшелер, үнтаспа, дәйексөз.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: ой қозғау, топтастыру.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. 1. Сәлемдесу (хормен) Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені.
1. 2. Шаттық шеңбері (оқушылар шеңберге тұрады)
Тақтадағы өлеңдерді оқып, бірге қосылып айтады.
1. 3. Ой шақыру.
Біз бүгін денсаулықты сақтау құпияларымен танысамыз. Біздің алғашқы аялдамамыз - «Таза ауа» деп аталады.
Таза ауа адамның тыныс алуына көмектеседі. «Таза ауа» - денсаулықты сақтаудың 1 - ші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа да таза болады, сондықтан табиғатты сүю жанға саулық береді. (суретпен жұмыс)
1. 4. Мәтінмен жұмыс. «Өсиет әңгіме»
1. 5. Мағынаны тану. Өзіммен – өзім.
«Суға келемін» әнінің әуені естіліп тұрады.
Балалар, денені түзу ұстап, басты жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынайық. Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп бара жатқандаймыз. Тап - таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді сергіте түскендей, бойымызға ерекше күй, күш – қуат бергендей. Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінгендейміз. Осы жақсы оймен қаламызға келейік. Балалар, біз тоқтаған осы аялдамада «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Cу – бізге тазалық, жанымызға тыныс, сұлулық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, өсімдіктер өспесе, таза ауа болмайды. Таза судың болмауы денсаулыққа зиян келтіреді. Сондықтан денсаулықтың 2 - ші құпиясы – таза су.
Кәне, балалар су туралы не білеміз?
Су – табиғат байлығы,
Өзен – көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
Данышпан ата өсиеті «Денсаулық - өмір негізі»
Жағдаят, талдау, пікірлерін айту.
Сергіту сәті.
- Балалар, келесі аялдамамыз «Спорт - біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы – спорт. Спорт арқылы денені шынықтырамыз, сергітеміз, тәнімізге сымбаттылық, жаныңа күш – қуат береді, аурудың алдын алады. Спорт жайында не білеміз?
Спорттың алғашқы сатысы – дене жаттығуынан басталады. Ендеше әуеннің ырғағымен жаттығу жасайық.
Шығармашылық жұмыс. Келесі аялдамамыз «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені жанның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. Сонымен денсаулықтың 4 - ші құпиясы жан сұлулығы жайында не білесіңдер? (суретпен жұмыс)
- Ендеше, балалар өздерің табиғатты, тіршілікті неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар?
Сол суреттерді салып, не сурет салғандарыңды жариялап айтасыңдар (парақша үлестіреді)
Оқушылардың салған суреттерін тақтаға іліп, көрме жасайды. Бір – бірінің суреттерін тамашалап бағалайды (шапалақ ұру арқылы)
Дәйексөз тақтаға ілінеді, оның оқи отырып, мағынасын ашу.
Дәптермен жұмыс. Оқушылар денсаулық құпияларын, өздері белгілеген күн тәртібін жазады.
Денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтқызу.
«Гүл күлтелеріне» денсаулық құпияларын жазғызу.
Жүректен – жүрекке.
- Балалар, біздің соңғы аялдамамыз – «Жақсылық кені» аялдамасы деп аталады. Жақсылық – жақсы істерден, жақсы әрекеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз де денсаулықтың 5 - ші құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны, саулығыңның жақсы болғаны. Бұл аялдамаға тоқтау арқылы бір - бірімізге, айналамызға жақсы тілек айтайық.
(Тақтаға ілінген сөз үлгілеріне қарап айтуға болады)
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Мадақтау.
Денсаулық құпиялары. Денсаулық – өмір негізі
- ramuk_b
- 9 шілде 2014
- 14778
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Денсаулық, салауатты өмір салтын насихаттау
Ұқсас жаңалықтар:
Менің денсаулығым, менің болашағым
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру....Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Дене белсенділігі - денсаулық негізі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсагиева Акбота...Денсаулық құпиялары
Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясы, Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Сайфеденова Қалжан Сайфеденқызы...Табиғат-денсаулық мекені
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Салтанат Нұрмашева Тақырыбы: Табиғат - денсаулық мекені Мақсаты:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.