Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз өлеңдері

Сабақтың тақырыбы: Наурыз өлеңдері.

Өткізген: Алпысбаева К. К
1. Мақсаты: а) білімділігі: өлеңді мәнерлеп түсініп оқыту, сұрақтарға жауап беру, сөз тіркестерін дұрыс айту, мақалдың мағынасын түсіну.
ә) дамытушылық: Наурыз туралы түсініктерін кеңейту, бата, тілектермен таныстыру, Наурыз туралы өз білгендерін әңгімелеу, шығармашылық белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды қазақ халқының салт - дәстүрлерін құрметтеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: білім беру
Әдіс - тәсілдер: деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекіліктер: мақал жазылған плакат, Наурызға байланысты суреттер, карточка.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру. Малдың баласын сүюі. Торпақ деген не? Қоңыр деген қай төл? Боташым деген не? Ол қай малдың төлі? Лақ қай малдың төлі? Құлын ше?

Өлеңді жатқа айту.
Сұрақ:- Қой баласын қалай сүйеді?- Сиыр баласын қалай сүйеді?- Түйе баласын ше?- Ешкі баласын қалай сүйеді?- Жылқы баласын қалай сүйеді?- Сендерге қай малдың төлі ұнайды?- Неліктен?
Әңгімелеу. Жаңа сабақ - Бүгінгі біз сендермен оқыған қандай халық ауыз әдебиетіне жатады?- Тұрмыс - салт жырлары.- Тұрмыс - салт жырларының қандай түрлері бар?
а) Төрт түлік малға байланысты.
ә) Наурыз жыры. Біз сендермен төрт түлік малға байланысты жырды өттік, енді не қалды?-
Наурыз жырлары. Наурыз деген сөз сендерге таныс. Ол "нау" жаңа, "рыз" күн деген парсы сөзі. "Жаңа күн" деген сөз.
- Ол қашан болады?- көктемде
- Ол біздің елімізде қалай аталады?- Мейрам күні.-
Наурыз күнін қалай мерекелейміз?- Наурыз көже пісіреміз, бата - тілектер айтамыз. Адамдар бір - біріне жақсылық тілеп, жыл бойы молшылық болсын деп тілейді

- Ендеше бүгін біз сендермен Наурыз өлеңдері деген тақырып өтеміз.
Кітаппен жұмыс(мұғалім мәнерлеп оқиды). 3 оқушы оқиды.
Сөздік жұмысы. Сөздіктерді, өздеріне түсініксіз сөздерді оқимыз.
Сөз тіркестерін оқу аудару
Ұлыс күні, оң, ақ, бақты, пәле - жала, бата беріскен, тілек.

Сұраққа жауап беру.- Наурыз қандай мейрам?- Наурыз мейрамын халық қалай атаған?- Ұлыс күні кәрі - жас қалай атаған?- Адамдар бір - біріне не айтқан?- Үлкен адамдар не берген?- Наурыз күні қандай тағам жасалады?- Оны неге толы жасайды?"Ақ мол болсын! Төрт түлік ақты болсын!" деген сөз тіркестерін қалай түсінесіңдер? Ұлыс күні кәрі - жас құшақтасып көріскен деген тіркесте антонимді табыңдар.

Дәптермен жұмыс. Батамен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер. Оқып мағынасын түсіндіру. Бекіту. 3 деңгейдегі жаттығулар: Өлеңде малдардың берген батасын оқыңдар.

2 деңгейдегі оқушылар: Қай өлеңде тілек айтылған, тауып оқып, мағынасын түсіндіру.
1 деңгейдегі оқушылар: Наурыз туралы өз білетіндерін, Наурыз мейрамын қалай өткізгенін әңгімелеу.
Қорытынды.- Наурыз өлеңдері қалай халық ауыз әдебиетіне жатады?- Наурыз қандай мейрам?
Үйге тапсырма. а) Наурыз өлеңдерін жаттау (өзіңе ұнаған бөлігін), сұраққа жауап беру. ә) Наурыз туралы өздерің сурет салыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×