Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: әріп таңбасы, шахтер, монтер, шырша суреттері.
Пәнаралық б/с: дене шынықтыру.
Барысы: I. Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Үй жұмысын тексеру: /карточкадағы тапсырма/
Әжем - күйші,
Әпкем – биші.
Асқан шебер
Ағам – үйші.
Қайталау:- Й дыбысы қанадай дыбыс? Ай деген сөзде неше дыбыс бар?
Психологиялық даярлық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
]II. 1. Бағдарлау - мотивациялық кезең. Кіріспе:
1. «Ойлан, тап» ойыны
а) Жұмбақ шешу.
Қысы – жазы бүр түсте.
Ол не?
- Шырша
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Ёлка
- Ёлка деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Ё дыбысы. (Хормен айту)
2. Операционалдық - орындаушылық кезең.
1. Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
- Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол қосарланған екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: Монтёр, шахтёр, актёр, т. б.
- Монтёр сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Монтёр - 2 буын, 7 дыбыс, 6 әріп.
2. Мәтінмен жұмыс:
Монтёр
Монтёрдің жұмысы қиын. Күннің жаңбырлы, боранды болғанына қарамай жұмыс істейді. Биік бағаналарға өрмелеп шығуға да тура келеді. Монтёр болу үшін епті, сабырлы болу керек.
3. Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз,
Ёлкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп - билеп аламыз.
4. Дәптермен жұмыс.
а) Көркем жазу. Ё ё
ә) Шахтёр, актёр дыбыстық талдау жасау.
Шахтёр – 2 буын, 7 дыбыс, 6әріп, 2 д/ы дыбыс, 4 д/з дыбыс.
Актёр – 2 буын, 6 дыбыс, 5 әріп, 2 д/ы дыбыс, 3 д/з дыбыс.
б) Өлеңді көшіріп жаз.. Ё дыбысы бар сөзді тауып сыз.
Шахтёр
Шахтёрді ел біледі.
Оған сарай – жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау - тасты.
С. Мәуленов
в) «Сөйлем құра» тапсырмасын орындату.
Шахтёр – құрметті маман.
Монтёр бізге жарық береді.
5. «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.
Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат» деп жауап береді. Т. с. с.»
3. Рефликсиялық - бағалау кезеңі.
Бекіту.
- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?
- Ё ё дыбысы қандай дыбыс?
Сабаққа қатысып белсенділік көрсетіп отырған балаларды мадақтау.
Бағалау. Үйге тапсырма: «Монтер»мәтінді оқып, түсінгенің айту.
Ё дыбысы және әрпі
- baldok_b1991
- 28 мам 2014
- 16967
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ё дыбысы және әрпі
Ұқсас жаңалықтар:
Ё дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ё, ё әрпі мен дыбысымен танысу, ё дыбыстық талдау. Ё, ё әрпі арқылы берілген сөздерді оқу, жазуға үйрену, Е е...Ё ё дыбысы және әрпі
Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ё дыбысын дұрыс айтып, әріпті дұрыс жазуға үйрету. Ё әрпінің басқа әріптерден ерекшелігін түсіндіру....ё әрпі және дыбысы
«№ 2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Туребекова Л. М....Ё ё дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету...Ё дыбысы, әрпі
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.