Ана тілі. 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров. «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдері туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.
Дамытушылығы: Өлеңнің мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға , өз ойын қорытындылай алуға мүмкіндік ашу.
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, ізгілікке, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Психологиялық ахуал.
ІІІ.Жаңа сабақ.
а) Жыл мезгілдері туралы айту. (Әр жыл мезгіліне тоқталып өту.)
-Ендеше, балалар біз бүгін І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.
ә) автордың өмірбаянымен танысу.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы мамыр айында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң кеңшарында дүниеге келген.Қазақтың көрнекті ақыны дүниеге келген. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ақын 1937 жылы жаламен ұсталып, нақақтан құрбан болды. Ілиястың «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары бар.
б) Өлеңді мәнерлеп оқу.
в) Оқушылармен сұхбат.
1.Өлеңде жылдың қай мезгілі жырлаған?
2.Гүл мен ағаш жазғытұры неліктен майысады?
3. «Масатыдай» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
4. жазғытұры жан-жануарлар қандай күйге түседі?
ІV. Тазша баланың тапсырмасы.
1.Наурыз айында болатын мерекелерді атаңдар:
8 наурыз-аналар мерекесі,
22 наурыз -жыл басы,
12 сәуір-ғарышкерлер күні,
9 мамыр-жеңіс күні,
журналистер күні,
байланысшылар күні,
мұражай күні.
2. Жыл мезгілдерінің ортақ қасиеттерін тауып айту.
V. Топпен жұмыс.
І-топ. Суретке қарай отырып, эссе жазу. «Құстарға көмек»
ІІ-топ. Сурет салу. «Көктем келді»
ІІІ-топ. Сюжетті суреттерге қарап әңгіме жазу. «Сенбілік»
VІ. «Бес жол өлең»
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сезімді білдіретін сөз
Синоним
VІІ. Жыл мезгіліне байланысты ырым-тиым сөздердің мағынасы.
*Сәуір болмай-тәуір болмас.
*Ұлыс күні қар жауса, нұр жауады, келер жылы жақсы болады.
*Ұлыс күні күн сәулесін төгіп тұрса, сол жылы молшылық болады.
*Егер көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.
*Көктем құйынды, дауылды болса, қыс аязды болады.
*21 наурызда күн мен түн теңеледі.
Күн ұзарып, түн қысқарады.
VІІІ. Мәнерлеп оқу.
ІХ. Өлеңді екі бөлікке бөлу, әр бөлікке ат қою.
Х. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы.
1. Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңімен Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңінде қандай айырмашылықтар бар, қандай ұқсастықтар бар?
2. Өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған?
ХІ. Үйге тапсырма. «Жазғытұрым» өлеңін жаттау.
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
- Нұргүл-76
- 13 наурыз 2012
- 14244
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақтар ана тілінен, Ілияс Жансүгіров, жазғытұрым өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Сәкен Сейфуллин «Наурыз» өлеңі
Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – адамдардың бір - біріне тілек білдіретін күні Наурыз – ренжігендер татуласатын күн...Наурыз тойы
Жандаулетова Кызғалдак Жангазыевна...М.Әлімбаев «Көктем келді» 2 сынып
БҚО, Казталов ауданы, Қаракөл елдімекені, Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі Кушкинбаева Балжан Сейфуллақызы...Жазғытұры
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу мектеп - интернаты" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сейсенбаева Ләззат Айтбайқызы...Абай «Жазғытұры» І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Қарағанды қаласы, №6 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Гульмира Махметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.