Сабақтың тақырыбы: «Жүрегімнің түбіне терең бойла»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерімен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Тәрбиелік мәні: Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: Қазына сабақ
Көрнекіліктер: Кітаптар, буклеттер, папка, плакаттар, суреттер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
1 - жүргізуші: Жүрегімнің шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын, өлеңімен
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
- Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Хормен: Ұлы Абай!
2 - жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма – деп абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.
1 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі кеш қазақтың ұлы дана ақыны – Абай Құнанбайұлына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Абай дана: Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып,
Асыл: Ғұламасы ғасырдың.
Жырларында жабырқау жоқ, жасын мұң.
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жанға құяр жылылық,
Абай деген жұмбақ әлем, биік шың.
2 - жүргізуші:
- Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу – ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай мерекесі – халық мерейі.
1 - жүргізуші: Дана Абай 1845 жылы, жылан жылында Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресіне оқуға береді.
2 - жүргізіші: Абай медреседе небәрі үш - ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13 - ке келіп, ерте есейіп, ақыл - ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып келеді. Осы 13 жасында Абай ең алғаш ауылына қонаққа келген Барлас пен Байкөкшеден бата алады.
1 - жүргізуші: Абай 17 - 18 жастан 28 - 29 жасқа дейін өз бетімен іздену, ел өмірін зерттеу, батыс, шығыс әдебиетін әкесінің көзіне түспей жүріп оқитын. Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Бірақ бұл істерден жалыға бастайды, көбіне үйде отырып кітап оқып, өз ойларын жазып, оқығандарын халық алдында әңгімелеп айтып жүрді.
1 - жүргізіші: Жанарыстың орындауынды «Туған жер» әні.
2 - жүргізуші: Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңіл қалауымен қызмет етеді. Абай 35 - 40 жастар шамасында өзінің ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. 1885 жылы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» тұңғыш шығармасы болумен қатар жаңа үлгідегі шығармасы еді.
Айкен: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім,
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Нұрмахан: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ару: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Диана: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге.
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шаппақ кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Ерсұлтан: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық - қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
1 - жүргізуші: Абай атамыз оқырмандарына өлең - жырды жұртқа айтып, кеңес берудің, үлгі - өнеге көрсетудің құрамы деп ұқтырған.
2 - жүргізуші: Ақынның ойынша, адамды биік мұратқа бастайтын, сол мұратқа жеткізетін ұлы күш оның өз бойында, сондықтан адам жұрттың сөзіне ермей, өзіне, өзінің адал еңбегі мен ақылына сену керек дейді.
1 - жүргізуші: Диананың орындауында «Қуыршағым» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Абай – ұлт ақыны. Оның ақындық мұрасында – сөз өнері арқылы халқына қызмет ету. Абай адам атын биік дәрежеге көтеретін жаңа идея ұсынды, адамдық атқа ие болып отырып, надан болуға жол жоқтығын дәлелдеп, «Атым адам болған соң, қайтіп надан болайын» деп айтты.
1 - жүргізуші:- Ел, жұрт деген ұғымды Абай қалың ел, қазақ жұрты, халық деген кең мағынасында алып, бүкіл халықты тұтас алып мінездеу үшін де
қолданды.
Асылхан: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Алина: Көңілің қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанды?
Алыс - жақын қазақтың бәрін көрдім
Жалғыз - жарым болмаса анда - санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяуды деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?
Бақыт: Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон біледі деп,
Қуанар ата – анасы,
Ойыңда жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Диас: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
2 - жүргізуші: Алдарыңызда «Қара жорға» биі.
1 - жүргізуші: Мейіржанның орындауында «Қазағым» әні
1 - жүргізуші: «Мазмұнын біл, сөздің қадір - қасиетін сонда ұғасың» - деп кеңес береді Абай атамыз. Абай өлеңдеріндегі табиғат лирикасын «Заман табиғаты» деп алған орынды деп білеміз. Абай табиғатқа жан бітіре, көркем де әсерлі бейнелеудің теңдесі жоқ шебері. Ақынның табиғатқа деген ыстық ықыласы оның туған жерге деген махаббатынан патриоттық сезім екенін ескереміз.
2 - жүргізуші: Көшпелі қазақ өмірінің қызығы, күзгі, қысқы дала келбеті, жабырқау ауылдар, қырда тышқан аулап жүрген иттер, қыстың қатаң кезеңі кәрі құдаң бейнесі суретшінің назарынан тыс қалмаған.
Саида: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөрік киген ақшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Нұртөбе: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат жанталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздай, қой қоздап – қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду - ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
Аяжан: Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек.
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге.
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жаны қылтылдап.
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын – тай
Айнала шауып былтылдап.
Жоғары - төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Ұлжалғас: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан,
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай...
1 - жүргізуші: Абайдың табиғаттағы суреттейтін өлеңдерінің ішінде «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің орны да ерекше.
2 - жүргізуші: Осынау шалғын өлеңінде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері тамаша суреттелген.
Ән: «Желсіз түнде жарық ай»
1 - жүргізуші: Абай қазақ халқының ғасырлар бойы қараңғылықтан құтылатын бірден - бір дұрыс жолы қазақ және орыс мәдениетінің жақындасуында деп біледі.
2 - жүргізуші: Орыс халқының рухани мәдениетінің нағыз бағалылықтарын тауып, таныған шақта Абай, Пушкин, Лермантов, Крылов, Сартыков - Шедриннің ардақтаушысы болды.
Бекзат: Тура тілді кісіні орыс дейміз,
Жиреніп, жылмаңдықты демес бұрып.
Жылпылдақтан айырылып, сенісе алмай,
Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс. (Лермонтов)
Гаухар: Қараңғы түнде тау қылып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым - жұрт, дел - салғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жолдағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тұншығарсың сендағы,
Сыбыр қылсаң азырақ. (Пушкин)
Бекболат: Жасынан түсіп билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да, алмалық жоқ,
Түсінде бір кәдір жоқ алдар деген.
Жанна: Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
1 - жүргізуші: Абай жастайынан өнерге, білімге құштар болған. Осының айғағы ретінде «Бала Абайдан» көрініс тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: Күй
1 - жүргізуші: Алдарыңызда мың бұралған бишілер. Қарсы алайық, ағайын.
2 - жүргізуші:
- Абайдың «қара сөздері» - үлкен тәрбие көзі. Бұл сюжетті шығармалар емес. Стилі мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың көзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі.
Алина:
4 - қарасөзінде «Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды».
Қалмырза:
10 – қарасөзінде «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей ізденсе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды».
Таңсұлу:
38 – қарасөзінде «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады».
Еркебұлан:
- Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
1 - жүргізуші: Алдарыңызда көркем гимнастика биі. Айкен мен Диананың орындауында.
2 - жүргізуші: Абай ата ақылынан үзінділер тыңдайық.
Нұртас: Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Салтанат: Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол,
Асығыс түбі – өкініш,
Ойланып алмақ – сабыр сол.
Азамат: Ниетің түзу болса, сенің аппақ,
Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ
Сабыр, өсек, дегенді сырттай жүріп,
Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Ақниет: Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
1 - жүргізуші: Ән «Атамекен»
2 - жүргізуші:
- Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.
1 - жүргізуші:
- Абайдың туғанына 160 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жолды көрсетіп тұр. Абайды әлем танып отыр. Соның айғағы – Мәскеудің төсінде оған орнатылған ескерткіш.
Хормен: Абай есімі мәңгі ұмытылмайды!
2 - жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, осымен Абай атамызға арналған сабағымыз аяқталды. Келіп, көріп - тамашалағандарыңызға рахмет.
Жүрегімнің түбіне терең бойла
- Альфия80
- 5 мам 2014
- 8910
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүрегімнің түбіне терең бойла, Абай өлеңдерін және қара сөздерімен поэмаларын терең меңгерту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»деп Сұлтанмахмұт айтқандай, біз бүгінгі кешімізді ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір бойына жинақтаған...Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
1. Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу. 2. Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы туралы айта алу....Абай бүлдіршіндер жүрегінде
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл...Абай - дана, Абай - дара қазақта
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...Абай Құнанбаев "Күз"
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.