Сайтқа кіру Тіркелу

Пайдалы қазбалардың түрлері

Дүниетану (3сынып)
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
ә) Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілігі: Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,
интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын қадағалау. Назарын сабаққа аудару
1 - бөлім. Қайталау - білім анасы
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
« Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы» мәтінін оқып түсінік айту.
«Домино»ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1. Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын көрдің? (құм, саз, тас, әк)
2. Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер? (тас көмір, мұнай, газ)
3. үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады? (мыс, темір, қорғасын, алюминий)
4. Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі)
5. Пайдалы қазба деген не?(Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды)
2 - бөлім. Білімге құштарлық.
ІІІ Жаңа сабақ
«Ойлы болсаң озып көр!»(жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)
Түсі қара, сұйық зат
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды
Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды. (Мұнай)
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не?
/Көмір/
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. /Газ/
- Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?/Пайдалы қазбалар/
- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалардың түрлерімен танысатын боламыз.
Жаңа сабақты тірек сызбалар арқылы түсіндіру
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді:

1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.
Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т. б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарды иеленеді. Фосфоритті ұнтақтап, фосфор ұны тыңайтқышын өндіреді. Гранит - өте қатты тау жынысы. Оның табиғи бүлінуі өте баяу, жүздеген жылдар бойы өтеді. Бірақ граниттің бәрінің бүліну процесі бірдей емес, ірі қиыршықтысы тез, майда қиыршықтысы өте баяу бүлінсе, ал сұр гранит бүлінбейді десе де болады. Құрылысқа қолданатын гранитті ысып жылтыратады, тегістейді, жөндейді. Бұл оны бүлінуден қорғайды.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді іштей - тізбектей оқу
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын, тақырыпты жазу. Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін салу
3 - бөлім. Іздеген жетер мұратқа. Картамен жұмыс
1) Кен орындарына тоқталу
2) Шартты белгілерімен таныстыру.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз
Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға біз
Бір, екі, үш: бір, екі, үш.
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш боп отырамыз.
4 - бөлім. Сен білесің бе?
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Қазақтың тұңғыш геологы кім еді?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
5 - бөлім.«Кітап - білім бұлағы»
Оқулықпен жұмыс. Мәтін соңында берілген тапсырмаларды орындау
1. Өз сөздеріңмен жанғыш, кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар жөнінде әңгімелеп беріңдер.
2. Қолыңдағы ұялы телефонды қара, оны жасау үшін қандай пайдалы қазбалар жұмсалатынын ойланып көр.
«Кім тапқыр?» ойыны.
Суретпен жұмыс
Суреттегі заттар қандай қазбадан жасалған? Тағы қандай заттар мен суреттерді толықтырар едіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Географиялық диктант.
(әр пайдалы қазбалардың атауының орнына, шартты белгілерін қойып отырады.)
Тас көмірдің аса ірі кен орны Қарағандыда.
Маңғыстаудың түбегінде мұнай мен газдың аса бай қорлары бар.
Темір, мыс, қорғасын өндіретін кен орындары орталық Қазақстанда көп шоғырланған.
10 30 10
20 50 20
40 30 40
Қорытынды
«Бәйге» ойыны арқылы сабақты бекіту.
1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
3. Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
4. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
6. Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
7. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
8. Пайдалы қазба дегеніміз не?
9. Қазақтың тұңғыш геологы кім?
Ой толғаныс
– Пайдалы қазбаларды адамдар не үшін игереді?
- Егер барлық пайдалы қазба қоры таусылса, не болар еді?
«Менің ойымша....»
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінік айту.
Бағалау:
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Топырақ. Топырақты қорғау

Топырақ. Топырақты қорғау

Топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады Міндеттері: 1. Пайдалы қазбалар қайдан алынатыны жайлы мағлұмат алады. 2. Олардың қасиеттері мен...
Пайдалы қазбалар

Пайдалы қазбалар

Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...
Пайдалы  қазба  түрлері

Пайдалы қазба түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері,...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×