Сайтқа кіру Тіркелу

«Ақсақ киік» С. Сейфуллин

Тақырыбы: «Ақсақ киік» С. Сейфуллин

Мақсаты: 1. Өлеңнің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту.
2. Оқушыларға көркем сөздердің мағынасын меңгере отырып, әдеби тілмен жүйелі, жинақтап сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, Отанын, елін, жерін сүюге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ребустар, ақын портіреті, текше, кубизм әдісі, суреттер, күй.
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, топтастыру.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады.
«Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде үй тапсырмасынан білімімізді ортаға салайық.
«Көкшетау» мәтінін сұрау, үзіндіні жатқа айтқызу.
Тақтадан Көкшетау табиғатын көрсету. Көкшетау Сарыарқаның солтүстігіндегі тау.
Көкшетауда мүсін көп,
Көрген адам тамсанған
Әрбір тасы сыр шертіп,
Ақ қайыңы ән салған.
Көкшетау – табиғаты әсем өңірлердің бірі. «Бәйге» ойыны арқылы қорыту.
Жүйрік болсаң жасыңнан.
Ребус шешу: «басқа», «сағат» қ киік. Дәптерге күн жадын, тақырыпты жаздыру.
Оқу, оқу түбі – тоқу. Бұл бөлімде «Ақсақ киік» өлеңін оқып, танысайық.
Автормен таныстыру.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1884 ж 15 қазанда Жезқазған өңірінде дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы. 1914 ж «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. 1920 - 1936 жылдары көптеген қызметтер атқарып, атқарушы орынбасар, газет редакторы, ғылыми орталық төрағасы, институт директоры, журналдар басшысы болған. 1936 жылы тұңғыш рет қазақ жазушылары ішінен Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1938 жылы жазықсыз жала жабылып, қайтыс болды.

Оқулықтан мұғалімнің өлеңді оқып беруі. Оның мазмұнын түсіндіру.
Арқаның Бетбақдала деген даласы бар. Ол республикамыздың оңтүстігіндегі шөлейтті өңір. Ол жерде тұзды көлдер, сор, тақыр көп болғандықтан ешқандай ел жоқ екен. Сол далада киіктер мекендейді.

Киік – ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны ақбөкен деп те атайды., баласын құралай деп атаймыз. Киіктер мамыр айында төлдей бастайды, сол кезде ауа - райы бұзылып, жауын – шашын болады. Қазақтар оны «Құралайдың суығы» деп атайды. Киіктің тағы бір ерекшелігі – олар ешқашан жетім қалған лақтарын тастамайды. Кез - келген киік маңырап шыққан құралайды кездестірсе, қасына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмаймыз екен. Киіктің мүйізін аңшылар шет елдерге сатып, ақша табады екен. Бір жылы Бетбақдалада келе жатып оқ тиген әлсіреп келе жатқан киікті көрдім, оны көзі қиып қай адам атты екен дейді. Киіктің саны азайып бара жатқандықтан, ол қорғауға алынып, 2006 ж қызыл кітапқа енді.
«Қызыл кітап» сөзі шықты, түсіндіру, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Ойлы болсаң, озып көр.

Зат есім
1 сөз
Киік

Сын есім
2 сөз
Жүйрік сұлу

Етістік
3 сөз
Секірді, жайылды қашты

Сөйлем
4 сөз
Киік – киелі жануардың бірі

Перфокартаны толтыру.
Тапқыр болсаң, талас жоқ. Кубизм әдісі.
Атау киік. Сипатта киікті.
Дәлелде «Құралай желі»
Зертте «Бауырмалдық»
Талқыла «Киікті қорғау»
Жарияла «Қызыл кітап»
Қорытындылау.
Киік санын қалай көбейте аламыз.
Сұрақтар
Мәтіннен әсер еткен оқиға
Сені өкіндірген оқиға
Ұнаған ой, сөз, сөйлем
Сені қуантқан тұс
Оқушылар сұраққа жауап береді. Сабақты елбасымыз Н. Әбішұлының сөзімен қорыту.
Үйге: өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақсақ киік

Ақсақ киік

Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген Жәндіктің киік деген баласы бар....
С.Сейфуллин. Ақсақ киік

С.Сейфуллин. Ақсақ киік

Сабақтың мақсаты: Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор...
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: С. Сейфуллин жайлы қысқаша мәлімет беру, ақынның «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Дамытушылық:...
«Ақсақ киік» С.Сейфуллин

«Ақсақ киік» С.Сейфуллин

ШҚО, Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ошибаева Ғалия Бекеновна Тақырыбы: «Ақсақ киік» С.Сейфуллин . М/ы:...
Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»

Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»

Астана қаласы, №49 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жандыбаева Гүлнар Жолдыбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×