Тақырыбы: 1000 көлемінде ауызша есептеу тәсілдері
Мақсаты:
1. нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу; үш таңбалы сандарды салыстыру.
2. кері есеп құрастыру, тиімді тәсілді таңдай білу дағдыларын жетілдіру; тез есептеу машығын арттыру.
3. көркем, таза жазуға баулу; өз бетінше жұмыс істей білуге ынталандыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Көркем жазу
1, 4, 9 цифрларын пайдаланып үш таңбалы сандардың нешеуін құрастыруға болады?
149, 194, 491, 419, 941, 914.
Осы сандардың ішінен ең үлкенін, ең кішісін тап және оларды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз.
149 = 100 +40 + 9
941 = 900 + 40 + 1
3. Ой ширату
Мен бір сан ойладым. Оған 60 – ты қосқанда 300 шықты. Мен ойлаған қандай сан?
1000 - нан мен ойлаған санды кеміткенде 910 шықты. Мен ойлаған қандай сан?
Өрісте барлығы 200 мал жайылып жүр. Оның 80 - і сиыр, қалғаны жылқы. Жылқы нешеу?
210 - 200, 330 - 30, 500 - 50, 270+30, 320+210....
4. Математикалық диктант «Иә - жоқ»
1 кг - 1000 г
1 т - 1000 кг
1 ц - бұл 200 кг
2 кг - 2000 г
1 сағ - 100 мин
4 ц 56 кг – бұл 456 кг
5. Жаңа сабақты түсіндіру
а) Берілген өрнектердің ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
Мысалы, 7+8=15 70+80=150
15 - 8=7 150 - 80=70
ә) Сандардың көршілерін ата.
Мысалы, 600 ( 599, 601); 320 (319, 321)
618, 354, 510, 498, 201, 310, 998, 666, 800.
6. Оқулықпен жұмыс
№ 1 Ауызша есептеуге берілген тапсырманы орындау үшін теңдеуді шешу
тәсілдерін еске түсіреміз.
27+х =100 белгісіз қосылғышты табу үшін... 100 - 27=73 демек х=73
84 - х=23 белгісіз азайтқышты табу үшін... 84 - 23=61 демек х=61
№ 2
50+90 180 - 90 530+70 600 - 30 530+40 860 - 40 450+300 670 - 300
140 90 600 570 570 820 780 370
№ 3 Өзіндік жұмыс түрінде орындалады
№ 4 Есептің мәтіні оқылады, не туралы екендігі сұралады. Есептің қысқаша жазуында қай сөздер қолданылады? Не белгілі, не белгісіз екендігі анықталады.
а) Печенье - 54 кг
Кәмпит -?, 13 кг кем
Халуа -?, 29 кг кем
Шешуі: (54 - 13) - 29 =12
Жауабы: 12 кг халуа әкелінді
ә) Кері есеп құрастыру алдыңғы бөлімдегі белгісізден басталып жазылады.
Халуа – 12 кг
Кәмпит -?, 29 кг артық
Печенье -?, 13 кг артық
Шешуі: ( 12+29)+13=54
Жауабы: 54 кг печенье әкелінді.
№ 5
а) Анам дүкеннен 300г печенье және одан 200 г артық кәмпит сатып алды. Анам неше грамм кәмпит сатып алды?
300+200=500 Жауабы: 500 г кәмпит стып алды.
ә) Анам дүкеннен 300г печенье және одан 200 г артық кәмпит сатып алды. Анам барлығы неше грамм кәмпит пен печенье сатып алды?
( 300+200)+300=800 Жауабы: барлығы 800 грамм кәмпит пен печенье сатып алды.
7. Сергіту сәті
- 12 сәуір қандай күн? 1961жылы 12 сәуірде тұңғыш рет адамзат баласы ғарышқа ұшты. Ғарышты бағындырған тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин еді.
Олай болса, қазір біз де бір сәт ғарышкерлерше жаттығу жасап көрейік. Көрсетілген бағыт бойынша қимыл жасаймыз. Оңға, солға, жоғары, төмен... Ал енді жерге қонамыз.
8. «Төрттік мысал» ойыны
200+20
80+50
160+40
430+200
280+500
20+200
50+80
40+160
200+430
500+280
220 - 200
130 - 80
200 - 40
630 - 200
780 - 500
220 - 20
130 - 50
200 - 160
630 - 430
780 - 280
9. Үйге тапсырма
№ 6, 7, 8.
10. Бағалау, мадақтау
1000 көлемінде ауызша есептеу тәсілдері
- Дәрігүл
- 11 сәуір 2014
- 15901
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, математика, есептеу тәсілдері
Ұқсас жаңалықтар:
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 1. 2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру...1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдерін пысықтау
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Убайтжанова Айсұлу...242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту
Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.