Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сыныбымен қоштасу

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолының бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қалатынына көз жеткізу;
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында сабақ беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшеклігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу;
3. Білім берер ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар.
Мұғалім:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп баланың,

Жүргенін көрген - бір мұрат,- дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші тү - лектеріміз осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап әр түрлі сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізді. Бұл оқиға балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Мұғалім:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол с оғып қошеметтеп шақырайық,
4 - сыныпты ортамызға
Музыка әуені мен бастауыш сынып оқушылары кіреді.
1 - жүргізуші Бибарс
Армысыздар! Жаңы жайсаң қазақ елі!
Айнұр
2 - жүргізуші: Қайырлы күн! Қарыштаған Қазақстан,
Асқақтаған Кеңес жұртшылығы!
3 - жүргізуші: Дамир
Армысың «Кеңес орта мектебі» алтын ордам,
Жарқырар ұлы ғылым үміт алдан.
Жалғасқан тарих үнің бүгіндегі,
Армысың киелі ордам білімдегі.
4 - жүргізуші: Әсем
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.!
жүргізуші: Бибарс
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім
жүргізуші: Айнұр
Дұрыс айтасың, Бейбарс! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші! Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.
жүргізуші: Дамир
Олай болса, Айнұр, алтын ұя мектебімізге арнап «Үйретеді» әнін шырқайық!
Ән: «Үйретеді»
1 - оқушы: Мерей

Алдарыңызда Кеңес орта мектебінің 4 - сынып оқушылары.
2 - оқушы: Ұлжан
Бұл сынып өнерге жаны құмар, көңілді жұлдыздар.
3 - оқушы: Ділназ
Бұл сынып эстетикалық талғамы биік, сұлулық пен әсемдікке бейім жұлдыздар.
оқушы: Аманда
Бұл сынып салауатты өмір салтын қолдаушы болашақ спортшылар.
оқушы: Мерей
Мектеп деген киелі ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат,
Бала шақтан болашаққа аттанған,
Түлеп ұшты талай – талай азамат.
оқушы: Ұлжан
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
7 - оқушы: Ділназ
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
8 - оқушы: Мерей
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз біз бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
9 - оқушы: Айнұр
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім.
10 - оқушы: Бибарс
Балалардың ұстаздарға деген ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің. Әсем
Әсем: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі»- деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Дамир:
Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді деген екен. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
11 - оқушы: Аманда
Қоңыр үнді даусын әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
12 - оқушы: Ұлжан
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
13 - оқушы: Мерей
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп,

Мектептің ережесін үйрендік көп.
14 - оқушы: Ділназ
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолды сіздер салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
15 - оқушы: Әсем
Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық.
16 - оқушы: Айнұр
Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,
Жан санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан - мұғалім!
Ән: Аяулы ұстаз
Көрініс: жұмыртқа туралы
17 - оқушы: Аманда
Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп, ойнап біріміз бен біріміз.
18 - оқушы: Дамир
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
19 - оқушы: Бибарс
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларын соңы білген.
20 - оқушы: Әсем
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болшы анашым.
21 - оқушы: Ұлжан
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сенімінді ақтау үшін.
Ән: Бала тілегі
Ата - аналардың құттықтау сөзі.
Дамир:
Бастауыш сыныпта біз не үйрендік?
Ұлжан:
Білімнің алғашқы баспалдағынан өттік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, ата - анаға, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.
Бибарс:
Бір сөзбен айтқанда:
Әйтекенің жырып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,
Төле бидің тауып айтқан,
Ұлағатты сөздерінен өнеге үйрендік.
22 - оқушы: Айнұр
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы. (ақын рөлінде айтады)
23 - оқушы: Әсем
Қазақпын еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын қойнауы – құт, жері дарқан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
Би:
Көрініс:
24 - оқушы: Мерей
Жас жүректің өмірлік құштары - гүл
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
25 - оқушы: Аманда
Қоштасып тұрып қимадым,
Бастауыш мектеп сырласым,
Сен маған білім сыйладың.
Барлығы:
Бастауышым - балбұлағым,
Білмдегі бал құрағы!
Көрініс:
26 - оқушы: Ділназ
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік шәкірттерім ертеңіне.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді,
Біліміңмен қуантсаңдар ұстазды,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Қанаттарың қатайды,
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы - сара жол,
Ізденіңдер талмаңдар!
Оқушыларға арналған парақтарды тапсыру.
27 - оқушы: Айнұр
Әр отбасы еркесінің

Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын,
Көтеріп сіз жүрдіңіз.
Төрт жыл бойы тынбастан,
Өнер, білім, үйреттіңіз.
Әр бір жүрекке жол тауып,
Бүгін міне түлеттіңіз!
Ән: Ұстазым
Мұғалім:
Қоңырау сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жасұлан,
Өрле сен биік шың басына!
- Құрметті менің оқушыларым, балаларым, сендер үшін бүгін ерекше күн. Өйткені сендер бастауыш мектептегі сәби шақтағы өмірдің келесі баспалдағына оқу, білімді тереңдету, іздену жолына жетелейтін орта буынға аяқ басып отырсыңдар! Ендеше орта буындағы оқуларына сәт сапар тілеймін!

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы,
Кеңес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Хамзина Айнаш Жанайдарқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту Міндеттері: 1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толу қарсаңында...
Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×