Қош бол, құтты әліппем!
Мұғалім: Қош келіпсіздер, ата - аналар, ұстаздар! «Қош бол құтты әліппем!» атты ертеңгілігмізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жаза білер ол егер,
Қолға берсең қаламсап.
Зуылдата жөнелер,
Әліппені ала сап,- деп ортаға бүлдіршіндерімізді шақырып қарсы алайық.
Оқушылар өлең жолдарымен кіреді.
Хормен: Құрбыласпыз, тұрғыласпыз,
Үшеуіміз бір сыныппыз,
Күлімдейміз, бір бақшаның гүліндейміз.
Үлгіліміз, талаптымыз,
Жақсы оқимыз сабақты біз.
І бөлім «Біз бүгін әліппемен қоштасамыз»
Мұғалім: Балалар, қазір Әліппемізге арналған өлең жолдарымызды ортаға салайық. Ол үшін Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе: Иә, балалар, бүгін мен сендердің маған деген лебіздеріңді естіп кетейін.
Әділет:
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштассақ.
Нұрай:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін ашып берді.
Гүлжайна:
Әліппем - жаттаған жақсы әнім,
Сенімен мектепті ашқаным.
Ұстаздың соңына ілесіп,
Бастадым білімнің дастанын.
Ән «Қошақаным»
Әділет:
Оқитын, әрі жазатын
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің кілтін ашатын.
Нұрай:
Енді біз әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағына сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Гүлжайна:
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рақмет ұстаз алғашқы!
Ән: «Үйретеді, үйретеді».
Әліппені жаттауға,
Дәптерлерді қаптауға,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Достарымды санауға,
Денсаулықты сақтауға,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Қосуменен алуды,
Белгісізді табуға,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Әндер айта білуге,
Ойнап мені күлуге,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
ІІ бөлім. «Не үйрендік, не білдік,№
Қане ортаға салайық!»
Мұғалім: Енді қазір сұрақтарға жауап беру арқылы білімімізді көрсетейік.
Әліппе: Ал, балалар мені жақсы меңгеріпсіңдер. Беттерімді шимайламай күтіп ұстадыңдар. Менің сендерге айтар тілегім - жаңа достарынды да мендей сүйіп, мендей құрметтендер.
Әліппе:
Енді мен сендермен қоштасамын,
Ризамын, құрметті шәкірттер,
Меңгердің, төкпедің босқа тер.
Ана тілі деген бір әпкем бар,
Сендерді жетектеп әкетер.
/Ана тілі оқулығын оқушыларға таратып бер/
Ән «Біз бақытты баламыз»
Нұрай:
Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді көрем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп - көп рақмет! /Әліппе кетеді/
Гүлжайна:
Ана тілі - біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Әділет:
Тілейміз біз бар әлемде,
Дос көп болсын жан ашыр.
Гүлжайна: Ата - әже! Ата - ана!
Дос көп болсын жан ашыр.
Тілейміз бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа нұр.
Нұрай:
Сүйікті ұстаз, достарым,
Құтты болсын, тойларың!
Хормен:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Ән: «Бала тілегі»
ІІІ бөлім:
«Әліппені оқыдың сен қастерлеп,
Марапатқа лайықсың, сен жас бөбек!»
Оқушыларды дипломмен марапаттау.
Мұғалім:
Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол - ата - ана, әлемдегі сыйлы адам,- дей келесі сөз кезегін ата - аналарға беремін.
/Ата - аналар сөз сөйлейді/
Мұғалім:
Қымбатты балалар!
Мектептегі алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын!
Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді оқушы болуды үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын.
Қош бол, құтты әліппем!
- ramuk_b
- 9 сәуір 2014
- 6612
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қош бол, құтты әліппем, әліппемен қоштасу сценарий қазақша
Ұқсас жаңалықтар:
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның...Қош құтты әліпем
Жаза білер ол егер, Қолға берсең қаламсап. Зуылдата жөнелер, Әліппені ала сап...Қош бол, жан серігім, Әліппем!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...Әліппемен аштық білім есігін (әліппемен қоштасу ертеңгілігі сценарий)
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна...Қош бол сүйікті, Әліппем!
Мақсаты. 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.