Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, хәрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітап туралы ойларын, хат тасушы мамандығы бойынша түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дамытпалы
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері, талдау -жинақтау
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, өмірмен байланыс.
Көрнекілігі: теледидар, компьютер, суреттер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- балаларды түгендеу
- сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Сабақты қайталаудан бастайық. Ол үшін мына үйдің тұрғындарын атап
өтейік. (Я. ю)
- Бұл дыбыстар туралы не білеміз? (қосарлы дауысты дыбыстар, жеке тұрғанда буын құрайды)
-«Жарыс» сөзіне қатысты қандай тапсырма беріліп еді? («Жарыс» мәтінін оқыту)
Сұрақтармен қорыту ( тірек сөздер арқылы ойларын сұрау)
Сергіту сәті. Теледидардан жаңалықтар есту. №2 мектептің ашылуы, қаламызға цирктің келуі.
ІІІ Жаңа сабақ.
Теледидардан не көрдіңіздер?
1. Оқушылардың сөзінен хабар сөзіне түсінік беру.
2. Хх дыбысына тоқталу - дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген әріп.
3. Жазылуын, баспа түрін таныстыру.
Жұмбақ шешу Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмей тұғын жолы жоқ. (хат)
Дәл осы кезде мектеп хатшысы хат әкеледі.
- Бізге кім келді? Хатшы не әкелді?
- Хат әкелді. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?
- Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы да жазуға блоады.
- Хат тасушы адамды кім деп атайды? (Пошташы)
- Пошташылар күнделікті мыңдаған адамға хат тасиды. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптеген хаттарын тасиды екен.
- Біздің сыныпқа да хат келді. Ал, енді осы хатпен танысайық:
- Х әріптері бар сөздермен жұмыстар жүргіземіз, жарыса отырып орындайық;
Жекелей жұмыс.
1 - қатар - тақтадағы берілген сөздерді оқиды, пойызға буын санына сәйкес салады; (1 терезелі - 1буынды, 2 терезелі - 2буынды, 3 терезелі 3буынды)
2 - қатар – сызба ( тор көздер) бойынша осы сөздерді орналастыру қажет;
( сөзде неше әріп болса, сонша торкөзге орналастыру қажет)
3 - қатар – саяхат сөзіне дыбыстық талдау жүргізеді( дауысты, дауыссыз
Дыбыстар, буын, оның түрлері)
Ұжымдық жұмыс: топтастыру, сөздердің мағынасын сұрау.
Ем дәрі шебер
ас хана әжет
дәм ұста кітап
Тексеру, бағалау.
- Біздің мектебімізде кітапхана бар. Кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлерді кім дейді?(кітапханашы)
- Бізде конақта кітапханашы Алтыншаш және Ұлдана апайларымыз келіп отыр. Сол кісілерген сөз берейік ( кітапханашылар кітапханадан келіп кітап жаздыртып алуларын, кітапты сақтаудың ережесін айтып береді)
- Кітапханадан кітап алу үшін жақсы оқи білу керек. Ол үшін мына мәтінмен танысып, өзіміздің қалай оқитынымызды көрсетейік.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Оқушылардың тізбектей оқуы.
2. Сөздік жұмысы: кітапханашы - кітапхана қызметкері
3. Тірек сөздермен жұмыс: кітапхана, кітап.
Кітап туралы не білесіңдер? Ол үшін не керек? Кітап туралы мақалдар білесіздер ме?
Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс.
- Балалар, біз қалай оқығанымызды көрсетсек, енді қалай жаза алатынымызды көрсетейік. (Ауада жазу арқылы Хәрпінің жазылуын көрсету, оқулықтағы сөйлемді жаздырту, өзара тексерту:
Х х. Мен кітапханаға бардым.
ІV. Қорыту. Ойын «Кім тапқыр?»
Шарты: Сыныптағы балалардың атынан қонақтардың ішінен х дыбысы бар есімдерді атау.
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
V. Үйге тапсырма.
«Кітапхана» мәтінін оқу. Аталарыңа, әжелеріңе хат жазып келу.
Х дыбысы мен әрпі
- загира
- 7 сәуір 2014
- 5706
- 0
- 0
Ілмек сөздер: х әріпі, Дыбыстар мен әріптер
Ұқсас жаңалықтар:
Х дыбысы мен әрпі 1 сынып, сабақ жоспары, (презентация)
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы...Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды х дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбысты ести білуге, оны сөз ішінде басқа дыбыстан ажырату, әріптің баспа...Х дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...Х дыбысы мен әрпі
Қарағанды облысы, Шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Байкенова Молдир Болатқызы...Х дыбысы мен әрпі
ШҚО Аягоз қаласы, №2 "Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур Турарбековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.