Сабақтың тақырыбы: Зат есім 375, 380 - жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығуы арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
Тәрбиелік: Мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, шешендікке, батырлыққа, білімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: СТО әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды жан - жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Топтық сайыс (Аралас сабақ)
Сабақтың әдісі: СТО әдістері (дөңгелек стол, топтастыру, сиқырлы таяқша), ребус шешу, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, ребус, сөзжұмбақ, оқулық, түрлі пасталар
Пәнаралық байланыс: сурет, ана тілі, дүниетану, еңбек
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
371 - жаттығу
Торы тай,
Табанында төрт ай.
(таға)
*Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
«Сиқырлы таяқша» ойыны
Сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?
4. Қосымша нешеге бөлінеді?
5. Жұрнақ деген не?
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
7. Қосымшаның қай түрі бұрын жалғанады?
8. Сөз таптарын ата.
Сөз таптары
Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
ІҮ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
Суреттегі заттардың атына сұрақ қою арқылы оқушылардың өздеріне ереже шығарту
Нәзік - кім?
Ат - не?
Есік - не?
Мысық - не?
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Танымдық жаттығулар
375 - жаттығу
Суреттегі заттардың атын пайдаланып, сөзжұмбақты шеш. Сол сөздерге сұрақ қой.
Бұл сөздер тобын не деп атайды?
376 - жаттығу
Мақалдарды көшіріп жаз
1 - топ: Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
2 - топ: Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
377 - жаттығу
Суретпен жұмыс
Сызбаның орнына не? Сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
... үреді. ұлиды. қарқылдайды. шақырады.
378 - жаттығу
1 - топ 2 - топ
Кім?- сатушы, дәрігер, ата, ұста Не?- кітап, парта, дөңгелек, түлкі, ағаш, қарға
379 - жаттығу Ауызша.
Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелде.
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз
Дәлелдеу үлгісі:
Ақын - зат есім, өйткені... заттың атын білдіреді.
... кім? деген сұрақ қойылады.
380 - жаттығу Танымдық жаттығулар
Сөзжұмбақты қыс айларының аттарын пайдаланып шеш:
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
«Қыста» тақырыбына шағын әңгіме құра.
«Дөңгелек стол» әдісі
Шарты: Топта бірінші оқушы өз ойын әр түрлі пасталарды пайдалана отырып, тақырыпқа сай жазады. Қалған оқушылар да алдыңғы сөйлемді қайталамай, өз ойын жазу керек.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А) күн
ә) биле
б) суық
2. Кім? деген сұраққа ауап беретін сөзді көрсет.
А) ән
ә) күй
б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
А) ақын
ә) жер
б) адам
4. Жан - жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
А) кім?
ә) не?
Б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
А) не?
ә) кім?
б) нелер?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма
ІХ. Бағалау.
Зат есім
- Бөріқұлақова
- 5 сәуір 2014
- 21191
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі, Зат есім, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....Зат есім
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бұлбұл,...Зат есім
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады....Зат есім
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна..."Сөз таптары"
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.