Сайтқа кіру Тіркелу

Суды қорғау

Сабақтың такырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:
1. Судың адам өміріндегі маңызды, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Салауатты өмір салтын, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.
Типі: бекіту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық және картамен жұмыс.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
2. Құрал - жабдықтарын түгендеу.
Сынып кешені: Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1 топ – «Зерттеушілер».
2. топ – «Ғалымдар».
3. топ – «Экологтар».
Бүгін біз «Табиғатты су айналымы» тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз. Өткен тақырыптан су айналымы, жайлы, өзен мен көлдер, жер асты сулары зерттедік. Ал бүгінгі сабақта тағы да «суды ластаудан қорғауды» үйренеміз.
Өткен тақырыпты қайталау:
Тақтаға үш топ жетекшісі шығады. Олар өздеріне топ атауын таңдап алады. Үш топ атаулары белгіленген соң сабақ басталады. Әр топқа сұрақтар беріледі «Зерттеушілер» ұсынылатын сұрақтар:
1. Картадан Қзақстандағы ірі - өзендер мен көлдерді көрсетіп ата.
Ж: Өзендері – Ертіс, Жайық, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай, Каспий теңізі.
Көлдердің ең үлкені – Балқаш.
2. «Шипалы сулар» деп қандай суларды атайды? Оның адам ағзасына деген пайдасын түсіндір.
Ж: Шипалы сулар – ішуге жарамды судың бір метрінде 2 - 20 грамм еріген тұздар болады. Олар адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан айыруға жәрдемдеседі. Ем арасында олар « арасан» деп аталады.
«Ғалымдарға» ұсынылатын сұрақтар:
1. Табиғаттағы су айналымы туралы айтып түсіндір?
Ж: Булану – бұлт – жауын – шашын – мұздық – булану.
2. Табиғатта қоспасы жоқ, тап - таза су бола ма?
Ж: Табиғатта қоспасыз тап - таза су жоқ, таппайсың. Таза суды тек лабораторияларда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі оргпнизмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оны ішуге жарамайтындығы сондықтан.
Мұғалімнің түсініктемесі: Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Инженерлер суды тазартудың алуан түрлі әдісін ойлап тапты. Елімізде ластанған сулар мен өнеркәсіп қалдықтарын өзен – көлдерге төгуге тыйым салынған.
«Экологтарға» ұсынылатын сұрақтар:
1. Ластанған су деп қандай суды атайды?
Ж: Пайдаланған су шайынды суға айналады. Оны ластанған су дейді.
2. Суды қорғауға сен қандай үлес қоса аласың?
Ж: Ластамауға тырысамын. Суды үнемдеп жұмсар едім.
Ребус шешу.
Жаңа сабақ
Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Мәселен, қарбыздың 98℅- ы, медузаның 99℅- ы судан тұрады. Адам денесінің жалпы салмағының жартысынан астамы судың үлесіне тиеді. Адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күн де тұра алмайды. Су егін егуге, өндіріске, күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болуда. Жер бетінің 2/3 – нен астамын су алып жатқаны белгілі. Бірақ оның 98℅- ы пайдалануға жарамайтын мұхит пен теңіздің тұзды суы. Тұщы судың үлесіне жер бетіндегі судың 2℅- ы ғана тиеді. Оның өзінің басым көпшілігі жоғары ендіктер мен биік тау басындағы мұздықтарға шоғырланған. Сондықтан адам баласы жер бетінде судың 00, 1℅- ын ғана пайдалана алады. Оның үстіне өндіріс орындарынан тұрмыс мұқтажын өтеуден шыққан сарқынды су, егістіктерден тфңайтқыштармен, улы заттармен уланған су өзен, көл жер асты суларын ластайды. Осының бәрі су қоймаларының суын қорғау қажеттігін туғызады.
«Арал қасіреті» жайлы бейнетаспадан көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді толық 2 - 3 оқушыға оқыту.
Топпен жұмыс.
1. Зерттеушілер: «Су туралы» мақал - мәтел жазу, тыйым сөздер жазу.
2. Ғалымдар: «Суды қорғау» тақырыбына әңгіме жазу.
3. Экологтар: «Арал қасіреті»дегенді қалай түсінесің? Эссе жазу.
Балалар, өзен, көлдер, теңіз жайлықандай өлең білесіңдер?
Сабақты қорыта келгенде, «Сөздердің орнын тап» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты, тақтада үш негізгі тақырып тұр, солардың әрқайсысынының тұсына мына тірек сөздерді тауып, қасына қоямыз.
Суды қорғау үшін
Суды үнемдеу
Судың жағасын ластамау
Қопсытпау
Зиянды заттарды төкпеу
Лас су қайдан пайда болады?
өнеркәсіп
шайындылар
көліктер
шахтаның
мұнай
кен орындары
Ластанған судың зияны
Адам ағзасының улануы
Арал теңізі
Балықтардың азаюы
Сулардың көлдер мен өзендердің су деңгейінің азаюы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×