Сайтқа кіру Тіркелу

Түбір және қосымша

Сабақтың тақырыбы: «Түбір және қосымша»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылар түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажарата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады.
Дамытушылық: Жаттығу жұмысы барысында дұрыс талдаулар жасай білуге қызығушылықтарын, ойлау қабылеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, білімділікке. мейірімділікке, адамгершілікке баулу.
Сабақтағы көрнектіліктер: «Бiлiм елiне саяхаттың» сызбасы, куб, карточкалар, жұмбак, мақал -
мәтел, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Өткендi қайталау. Дәстүрлі емес саяхат сабақ.
Сабақтың әдiсi: Топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, семантикалық
карта, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгiнгi сабағымызға қонақтар келiп отыр. Конақтарға көрсететін өзiмiздiң бiлiмiмiздi жинақтап алайық, олардың алдында ұятқa қалмайық. Бар бiлiмiмiздi, өнерiмiмiздi аянбай көрсетейік.
- Кел, балалар ойлайық,
Жазайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
Сабақты қазақ тiлi туралы тақпақпен бастау.
- Қазақ тiлi - өз тiлiм, ана тiлiм,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тiлiм.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тiлiм,- дей келiп, балалар ендi қазақ тiлi сабағымызды бастаймыз.
Бәріңде сабаққа ынтамен, белсендi қатысып отырыңдар.
3. Ой козғау.
- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгiлi екенін көремiз? (Қыс)
Жұмбақ жасыру.
1. Қыста жер бетiн жабады, ал көктемде су болып ағады. (Қар)
2. Тоңғақты таниды, беті қолын қариды. (Аяз)
Ендi дәптеріңді ашып, бүгiнгi күндi, сынып жұмысын жазып койыңдар.
«Қар» «аяз»сөзiн бiр жолға көркем етiп жазып қояды.
- Балалар, бүгiнгi сабақта бiз бәріміз «Бiлiм елiне саяхат» жасаймыз. Саяхатымыздың қызықты
болары анық.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге не берiлiп едi? (Түбір мен қосымша туралы ережесiн қайталап айту) олай болса, саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. «Мектеп аялдамасы» сендердің бiлiмдерiңдi және үй тапсырмасын калай орындағандарыңды тексеру мақсатында мынадай сұрақтар беріледі.
1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
2) Сөз құpaмына не жатады?
3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
1) Түбiр сөз дегенiмiз не?
2) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
3) Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
5. Негiзгi сабақ
- Бүгiн сабақта бiз өткендi қайталаймыз. «Бiлгiрлер» аялдамасына да жетіппіз. Енді мынандай тапсырмамен карточка берiледi.
1 қатарға: Түбiр сөздi тауып, тақтаға шығып, жазады. (Қыста, ағаштар, шанамен, қардан, терезеге)
2 қатарға: Түбiр сөзге жалғанатын қосымшаны жазады. (- мен,- та,- ге,- тар,- дан)
Шығармашылықпен жұмыс.
3 қатар: Осы сөздер бойынша қыс туралы өз беттерімен қысқа мәтін құрастырып айтады.
Сергimу сәті:
Сонымен міне бiз балалар «Бiлгiрлер» аялдамасына да жетiппiз.
- Кiтап туралы мақал - мәтелдерді кім бередi?
М/п «Кiтапты жастан оқы»
«Оқымай бiлiм жұқпас,
Бiлiмсiзден өнер шықпас».
- Сондықтан оқулықпен орындаймыз ба, балалар? (Иә) Ендеше оқулықтарыңдағы 128 беттi ашыңдар. Мұндагы 1 жаттығуға назар аударайық. «Ақыл сөз» өлеңді оқу.
- Абай кім?
- Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?
- Енді келесі жаттығуға келсек 2 жаттығуды 1 қатар, 3 жаттығуды 2 қатар, 4 жаттығуды 3 қатар орындайды.
Жақсы балалар, келесi аялдамаға да жетiп калдыңдар, Бұл «Мергендер» аялдамасы екен. Ендi оның да тапсырмасын орындап, өзiмiздiң мақсатымызға жетейік. «Мергендер аялдамасы» бiзге арнап мынандай тапсырма дайындапты:
«Бес жол өлең» құрастыру
Кім? Ғарышкер
Қандай? Мықты, батыр, ержүрек
Не істейді? аспанға ұшады
Не үшін? Аспан әлемін зеріттейді?
Ой түйін: мамандық иесі.
Семантикалық карта
6. Қорытынды.
Балалар бiз белгiлi бiлiм еліне саяхат жасап, бiлiм көрсетіп, енді өзіміздің сүйiктi сыныбымызға оралайық.
Сонымен балалар, бүгiнгi сабақта не iстедiк? (Бiлiм еліне саяхат жасадық, жаттығулар орындап, семантикалық карта толтырдық).
Қандай тақырыпты қайталадық? (Түбiр мен қосымша)
Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз)
Қандай уәде беремiз?
«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.
7. Бағалау. Мадақтау.
8. Үйге тапсырма беру: 5 - жаттығу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×