«Ана суті мен жылқы сүті - біздің тарихымыздың басы». Ғафу Қайырбеков.
«Қазақ тарихы - жылқы тарихы да, жылқы тарихы - қазақ тарихы». Қажытай Ілиясұлы.
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім - ырысым
Мақсаты: Төрт түлік туралы білім беру, төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен, қадір - қасиетімен таныстыру. Қазақ халқы малмен айналысатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, малды күтуге, қадірлеуге, оны өсіруге, ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, слайдтар, ойын түрлері.
Жүрісі: 1. Тақпақтар айту.
2. Төрт түлікке сипаттама.
3. Жұмбақ шешу.
4. Сайыс.
5. Постер қорғау
1 - жүргізуші: Қой деген - момын жануар,
Айта берсең таусылмас.
Қасиеті тағы бар.
2 - жүргізуші: Өскенде түйе боласың,
Қазір әлі ботасың.
1 - жүргізуші: Торпақтарым томпиған,
Көздері мөлдір монтиған.
1. Топқа бөлу.
2. Топқа ат қою.
1топ: Қой.
2топ: Түйе.
3топ: Сиыр.
4топ: Жылқы.
1топ. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең маманы. Сондықтан болар қазақ атамыз өсек - аян, қулық - сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп тегін айтпаған екен. Қой малы сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, ішіп жатады.
2топ. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті - шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар.
3топ. Сиыр - Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. Біздің ішіп - жейтін тағамдарымыздың барлығы осы - сиыр малының өнімі. Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.
4топ. Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы - қарта, жал - жая жылқыдан алынады.
1топ. Құрт.
Құрт деген ол арғы атасы ақтан болар,
Жарнамасын айта берсең дастан болар,
Аузыңа салып алып,
Ұртыңды бұлтыңдатып,
Ойланып жатсаң бұл,
Денсаулыққа пайдасы бар.
2топ. Сүт.
Сүт, үйіңе келсе құт,
Ішсең ас, ұйтсаң айран.
Шайқасан май,
Қатса тәтті болар шәй.
Ішіп алып терлеп - тепшіп,
Көңілің жай.
3топ. Шұбат.
Бар қызығы жарнаманың шұбатта,
Ішіп алып біраз ойлап тұрақта.
Ауырған жерің басылып
Тыныстарың ашылып,
Сарайыңды ашатын,
Сусыныңды басатын
Бар қызығы шұбатта.
4топ. Қымыз.
Ішіп алсаң қымызды,
Тартқандайсың қымызды.
Қан жүгіріп, бой - бойлап,
Кеткендейсің той - тойлап.
Пай - пай, шіркін, денсаулыққа пайдасы - ай.
Дәрі ішкенмен сайма - сай.
1топ. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.
2топ. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
3топ. Қоляды екен әр шаруа,
Қызығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
Сарқылмайды сүт, қаймақ -
4топ. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Сайыс. «Кім жылдам»
Қиылған төрт түліктің суретін құрастыру.
Постер қорғау. «Төрт түліктің пайдасы».
Ән айту. «Қошақаным», «Жазда атамнын ауылында» әндерін хормен айту.
Қортынды. «Малым - жаным садағасы, жаным - арым садағасы» деген ата - бабамыз мал атаулының қадір - қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Қазақстан жерін малсыз көзге елестету мүмкін емес. Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Төрт түлігім ырысым
- солнышка
- 4 сәуір 2014
- 14522
- 0
- 100
Ілмек сөздер: төрт түлік мал, ашық сабақ, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Төрт түлігім - ырысым
Мақсаты: Сөздік қорын молайту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, жүйелеп айтуға дағдыландыру, төрт түліктің пайдасын тілуге...Менің сүйікті үй жануарларым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" балабақшасы тәрбиешісі: Жолдаева Жанаргүл Ертілеуқызы...Үй жануарлары
Білім беру саласы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: 1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал...Төрт – түлігім ырысым
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...Төрт түлік
Жаңаозен қаласы, №12 бастауыш мектеп мұғалімі: Нуржанова Гулжан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.