Сайтқа кіру Тіркелу

Дыбыс және әріптер

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріптер
Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір - біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу
көрсету, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психожаттығу: «Күлімдейік».
- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата - анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан - жағымызға күлкі сыйлайық.
Олай болса кел, балалар күлейік!
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!

- Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Жаттығу «Біз байсалдымыз»
Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!
- Балалар бұл ненің дыбысы?

Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)
Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық тап па?
Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.
Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі.
(ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің ішінде ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін - еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×