Сайтқа кіру Тіркелу

Жуан дауыстылар. Ақ бұзау

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: слайд, Төрт түлік суреттері, автор суреті, ақпараттық құралдар.
Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
Жаңа технология: ақпараттық технология
“Құлыншақ” өлеңі
1. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
2. Тізбектеп оқу.
3. Сұрақтарға жауап беру.
4. Құлыншақ ненің төлі?
5. Құлыншақтың енесін не деп атаймыз?
6. Биенің сүті қалай аталады?
7. Құлыншақты қалай шақырамыз?
8. Иесі не?
9. Құлын қалай дауыстайды?
Өткен сабақты бекіту. Кестемен жұмыс.
Жылқының пайдасы Білемін Не үйрендім?
Жұмбақ шешу
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. ( Сиыр )
Жаңа сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.
Еті Сиырдың пайдасы Терісі
сүті мүйізі
Электронды оқулықпен жұмыс. Сиыр туралы мәлімет.
Сиыр төлін қалай атаймыз? - бұзау
- Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы
«Ақ бұзау» деп аталады.
Жаңа сабақ Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.
Автор туралы түсінік беру.
«Ақ бұзау» өлеңін ақпараттық құралмен тыңдату.
“Ақ бұзау” өлеңімен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сөздікпен жұмыс
Ақ бұзау сөзінен дауысты дыбыстарды табу.
Дыбыстар
Дауысты Дауыссыз
Жуан Жіңішке
А, о, ы, ұ
Ережемен таныстыру.
Дәптермен жұмыс
28 - жаттығу
Сиыр
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар.
Мінезім жайлы сиырмын
Байлығымын бір үйдің
Сырымды менің ұғып ал
Етім дәмді, сүтім - бал
2. Жуан дауысты дыбысты табыңдар.
29 - жаттығу
Терме диктант
Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, ірімшік, құрт
Сөздерді оқыңдар Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз
Сергіту сәті Әуенімен айту.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды, 2 рет
Әмір беріп бұйырсақ
Математикалық есеп құрастыр Берілген сурет бойынша есеп құрастыру.
Өз беттік жұмыс
Сиыр, қаймақ сөздеріне талдау жасау
Әр қатарға тапсырмалар беру. Мақал – мәтел, Жаңылтпаш, Тыйым сөздер айту.
Үйге тапсырма:
1. “Ақ бұзау” өлеңін мәнерлеп оқу
Өздерің жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз ойлап жазыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×