Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың қоршаған орта, табиғаттағы тіршілік жайлы бімін тереңдету. Тақырып мазмұнын меңгерту.
2. Танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау әрекеттерін дамыту.
3. Жаратылыстың әрбір мүшесін сүйе білуге, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жануарлар суреті, қорықтар жазылған карта, мультимедия.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікір алысу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық жасау.
Аппақ, аппақ дала,
Аппақ ауыл, қала.
Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін жауа.
Көңіліміз қаласа,
Сыртқа шығып таласа.
Шана теуіп ойнаймыз,
Қыстың күні тамаша.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы бойынша реферат дайындаған оқушыларды тыңдау.
ІІІ. Жаңа сабақ1. Қызығушылықты ояту.
Сөзжұмбақ «Табиғат»
1. Адам досы. Үй күзетшісі.
2. Жыртқыш.
3. Суда тіршілік ететін жануар.
4. Орманда ағаш қуысында тіршілік ететін жануар.
5. Қыстап қалатын құстың бірі.
6. Үй құсы.
7. Қу, айлакер.
2. Мағынаны тану.
Кіріспе әңгіме. Табиғатқа адам әрекетінің әсері ерекше...
Суретпен жұмыс
Азайып кеткен жануарлар суретін көрсету. Қарақұйрық, қызыл қасқыр, бекіре, ақ дегелек, ұлар, үстірт арқары.
Қорықтар.
Ақсу - Жабағылы 1926
Алматы қорығы 1931
Наурызым 1934
Барсакелмес 1939
Қорғалжын 1958
Марқакөл 1976
Үстірт қорығы 1984
Батыс Алтай 1992
Алакөл 1998
«Қызыл кітап»туралы айту. Ондағы жануарларға тоқталу.
Табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру мен оны келешек үшін сақтап қалу, табиғат өзгерістеріне бақылау жасау мақсатымен қорықтар ашылған. IV. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді оқып, түсіндіру.
2. Іштей оқу.
3. Оқушыларға тізбектей оқыту. Түсініктерін сұрау.
V. Топтастыру.
Әр топ оқушылары өздері білетін, естерінде қалған қорықтар атын топтастырады.
VI. Дәптермен жұмыс
Ойын: «Кім білгіш»
1. Түлкі 5. Қасқыр 9. Сазан
2. Құлан 6. Арқар 10. Бекіре
3. Қарақұйрық 7. Қызыл қасқыр 11. Ақ дегелек
4. Қоян 8. Тышқан 12. Ұлар
Осы берілген жануарлардың ішінен «Қызыл кітапқа» енгендерін теріп жаз.
3. Ой толғаныс
Сұрақ – жауап
1. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
Мұндағы адамның әсеріне мысалдар келтір.
2. Өсімдік, жануарлар әлемін сақтап, қорғайтын халқымыздың салт - дәстүрі туралы әңгімеле.
Мемлекеттік қорықтарды атап, олардың қызметі туралы айт.
VII. Сабақты қорытындылау
VIII. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма
Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар
- райко
- 28 ақпан 2014
- 5697
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана тілі, бастауыш, Жаратылыстың әрбір мүшесін сүйе білуге, табиғаттағы
Ұқсас жаңалықтар:
Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы
Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Талас Алатауының солтүстік – батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық,...Аңдардың қысқы тіршілігі
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра...Жануарлардың тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Нұн Жұбаев орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым...Сусыз тіршілік жоқ
КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...Қорықтар
Қорықтар Авторы: Жақыпова Балжан Қожахметқызы Мектебі: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебі Санаты: жоғары Білімі: жоғары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.