Сайтқа кіру Тіркелу

Біз тәуелсіз елдің ертеңіміз білім сайысы

Сабақтың тақырыбы: «Біз, тәуелсіз елдің ертеңіміз!»білім сайысы
Сабақтың мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы туралы мағлұматтарын кеңейте түсу; Тәуелсіз еліміздің болашағы өздері екенін сезіндіре отырып, білімді үйренуге баулу; Білімдерін тексеріп, есепке алу арқылы сынып көшбасшысын анықтау;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар
Сабақтың формасы: сайыс
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Саламат - сау барсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздер, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған «Жұлдызды жиырма күн»аясында өткізілгелі отырған «Біз, тәуелсіз елдің ертеңіміз!» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
(Сабақты Мемлекеттік гимнді айтудан бастаймыз)
І бөлім: Тәуелсіздік толғауы:
Кіріспе: Мұғалім кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстанның тәуелсіз жылдардағы жеткен жетістіктері мен шыққан биіктері жайлы интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы таныстырады.
Қазақ жері – қонажай, төрдің жері,
Қазақ жері – қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған – жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.
Беріспей батыр бабам армандаған,
Арман күн ел – жұртына жалғанды аман.
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман – далам!
Ән: «Елім менің»
Бейбарыс: Туың қандай,
Ту қандай?
Тура аспаннан туғандай.
Ал аспанды қазақтың
Көңілімен жуғандай.
Туың қандай,
Ту қандай?
Таң нұрымен жуғандай.
Қыран құсын самғатып,
Күн құшақтап тұрғандай.
Атыннан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық, азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік пен бірге соққан жүрегіміз.
Қақтырған қанатымды тірегім – ел,
Қиырдан талып жеткен тілегім – ем!
Жұртымды құшқан осынау Тәуелсіздік
Жыр болып жатсын түлеп жүрегімнен!
Тербетіп дала сырын сан ғасырым,
Толқыған ұлы өзендер жалғасымын.
Толғаннан күні – түні елі үшін
Тілегі қабыл болсын Елбасының!
Ән: «Қазақтың елі»
Сәния: Нұрын шашып, күліп атып таңдарым,
Көріп тұрмын бүршік қайта жарғанын.
Ту көтеріп бір шаңырақ астында,
Біздер көрдік бабалардың арманын.
Анар: Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен күн де келді еліме,
Шашу болсын ән құдірет бүгін де.
Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын.
Тойланып мың мереке, ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па
Тәуелсіз елімнің тыныштығы.
Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,
Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.
Тік ұстап туымызды, еңселі боп,
Орындайық бабалардың аманатын.
Хор: «Егеменді ел жастарының вальсі».
ІІ бөлім. Сайыс «Біз, тәуелсіз елдің ертеңіміз!»
(Әділқазылар алқасын сайлау)
І кезең. «Кел, танысайық!»
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын
ІІ кезең. «Бой сергіту»
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық
Бұл сайыста керек екен
(Бұл кезеңде 20 сұрақ. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі)
1. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды?
2. Еліміздің рәміздерін ата.
3. Тудың авторы кім?
4. Ел рәміздері қай жылы қабылданды?
5. Тұңғыш елбасымыз кім?
6. Оңтүстіктегі Астанамызды ата.
7. Жаңа астанаға қай жылы көшірілді?
8. Елтаңба авторлары кімдер?
9. Гимннің авторларын ата.
10. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
11. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орында?
12. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады?
13. Мектептегі ең жоғары баға?
14. Көше қиылысында жолды не көрсетеді?
15. Жеті күн қалай аталады?
16. Бір жылда неше күн бар?
17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
18. Жылқының сүті қалай аталады?
19. Жігіттің неше жұрты бар?
20. Ауаның ластануы қандай мәселе?
ІІІ кезең. «Тіл жүйрігі»
Шыңда тұрған шынардай арманы бар,
Тіл өнерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Тіл жүйрігі» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар
(Әр сұраққа 10 ұпай беріледі).
1. Өнер алды қызыл.... (тіл – язык).
2. Даладай кімнің кең пейілі?
3. Данадай кімнің мол мейірі? (ана - мать)
4. Не оттан ыстық? (Отан – Родина)
5. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ. (кітап – книга)
6. Не қымбат, білу қиын? (білім – знание)
7. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар – қыруар іс өнер. (қол – рука)
8. Ашу дұшпан болса,
Ақыл не? (дос – друг)
9. Жесең, ащы
Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз – лук).
10. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды (балық – рыба).
11. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Татқан жанды таңырқатты (қарбыз - арбуз)
12. Суда қалқиды, жылыда балқиды (мұз - лед)
ІҮ кезең. «Мен сүйетін пәндер»
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім,
Білімдіні сүйерін білем елдің!

(Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі)
Ана тілі: 10. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін ата.
20. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы неде?
30. Қырдың жас түлегі кім?
40. Айтыстың қандай түрлері бар?
50. «Аққу, Шортан, һәм Шаян» қандай шығарма?
60. Ахмет Байтұрсынов туралы не білесің?
Қазақ тілі: 10. Сөйлемнің құрамына қарай түрлерін ата
20. Мәтіннің түрлерін ата.
30. Қарама қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
40. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері деген не?
50. Қазақ тілінде дыбыстың неше түрі бар?
60. Сөйлем мүшелері туралы не білесің?
Математика: 10. Мотоциклші 50 км/сағ жылдамдықпен жүрсе 5сағатта неше километр жол жүреді?
20. Көбейту амалы мен бөлу амалының компоненттерін ата
30. 1дм 1метрдің қандай бөлігі?
40. 1тоннада неше центнер бар?
50. 9санының квадратын айт
60. 789456 санында неше бірлік, неше ондық, неше жүздік, неше бірлік мың, неше ондық мың, неше жүздік мың бар?
Дүниетану: 10. Адамды адам еткен не?
20. Түсті металл кендеріне нелер жатады?
30. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
40. Еліміздегі ең терең көлді ата
50. Ауаны тазартудың ең тиімді жолын ата
60. Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?
Жалпы сұрақтар10. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата
20. Екі сабақтың ортасында не бар?
30. Апта күндері қалай аталады?
40. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
50. Уақыт өлшем бірліктерін ата
60. Аудан бірліктерін ата
Ү кезең «Жорға»
Үш тақырып таңдалады. Оқушы өзі таңдаған тақырыпқа зссе жазады, қорғайды
І. Тәуелсіз елім менің
ІІ. Менің туған ауылым
ІІІ. Мақтанышым - мектебім
Қорытынды
Ұпай сандарын санау арқылы жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің Отаным

Менің Отаным

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...
Қазақстан - менің Отаным

Қазақстан - менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
Тәуелсіздік жырлары

Тәуелсіздік жырлары

Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×