Сайтқа кіру Тіркелу

Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері. (Сөйлем)

Сабақтың тақырыбы: Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері. (Сөйлем)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға үй мүліктері және олардың қолданылуы жайлы түсінік беріп, таныстыру;
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, үй мүлкі жайлы түсініктеріндамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға сыныптастарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, үй мүлктерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындау
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалау
ІІ. Өткенді қайталау:
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Отбасы жайлы әңгімелету.
Сергіту сәті
Көжегім тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме.
- Балалар үйлеріңде қандай үй мүліктерін білесіңдер? Атап көрейікші.
- Үстел, сөре, шкаф, теледидар т. б.
Жұмбақ жасырамын:
Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар.
(Орындық)
Сырты жаз, іші қыс,
Бұл не?
(Тоңазытқыш)
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
(Сандық)
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Диван, сөре.
Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құратамын.
Оқулықтағы мазмұнды суретке тоқталамын. Сөйлемдер құратамын. Оларды не үшін пайдаланатыны туралы әңгімелетемін.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс, неше буын барына көңіл аудартамын.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Дәптердің 5 - бетіндегі тапсырмаларды орындатамын. Жазу жұмысы кезінде оқушылардың саусақтарын шынықтыру.
ІҮ. Сабақты қорыту:
Әр оқушы өзі тұтынып жүрген үй мүліктері туралы әңгімелеп береді.
Мұғалімнің көмегімен оқушылар өздері құраған сөйлемдердің сызбасын жасайды.
Ү. Үйге тапсырма:
Суреттермен жұмыс жасау.
ҮІ. Бағалау - мадақтау:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×