Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
1. Безендірілуі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз!
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың.
ӘНҰРАН ОРЫНДАУ
Қош бол құтты әліппе атты ертеңгілігіміздің алғашқы беташар сөзін оқу ісінің меңгерушісі Кереева Жаңылша апайға ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
ӘДІЛЕТ
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
АҚЖОЛ
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсыңдар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Ән. ӘЛІППЕ
ӘДІЛЖАН.
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар
ЖАНГҮЛ
Сан әріпті үйрендік
Бүгін бізге сеніңдер
Әріптер әлеміне
Саяхаттап көріңдер
Мұғалім. Олай болса біздер қазір әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. Балаларымыздың әріптер туралы тақпақтарын тыңдап көрейік
АЯЛА
А дыбысы әліпбидің тұрады ең басында
А әрпінен басталады тегім менің атым да
Ата - анамның асылымын ардақтаған әлпештеп
Танысыңыз мен боламын Андреева Аяла.
АРУЖАН
Дауысты ғой ә дыбысы әсерлі де әдемі
Ән де айтып би билеймін, қуантамын бар елді
Әділова Аружанмын, әйбат қызы әкемнің
Кіп - кішкентай бөлшегімін мынау үлкен әлемнің.
РАМАЗАН
Б дегенің балалық шақ, бақытты жан белгісі,
Б дегенің балалар ғой еш риясыз күлкісі.
Фамилиямның б дыбысы кездеседі басында,
Байтурин мен Рамазанмын отбасымның кенжесі.
ӘСЕЛ
Д дыбысы домбыраның күмбірлеген дыбысы
Д дыбысы қазағымның дархандығы белгісі
Дарханова Әсел боламын ата - әжемнің еркесі
Ата - анам үміттенген дана болар деп тегі.
ЕРНҰР
Есімім де тегім де е дыбыстан басталған
Еркінғали Ернұрмын елін сүйер жас ұлан
Ата - бабам сан ғасыр еркіндікті аңсаған
Ер намысын бермеген елін қорғар ер болам
НҰРТАЛАП
Нұр талаппын, таудай биік талабым,
Ата - анамның қорғаны, сүйеніші боламын.
Дауыссыз Н дыбысы есімімнің басында
Нұрландырар елімді, нардай күшті баламын.
ЖАНДОС
Жарқын жүзді жігітпін Жандос атты қараңыз
Жиып өскен бойына ата - салтын, жыр - аңыз.
Байқасаңыз атымның Ж дыбысы басында
Жан достарым үнемі табылады қасымнан
МЕРУЕРТ
М әрпі меруертпін қол жетпес
Мұхиттардың тереңінде жататын.
Бесік жыры әлдиімен дарыған,
Анашымның мейірімді батасы.
ИСЛАМБЕК
Исламбекпін Иманды
Иба сақтап жүретін
Үлкенге қарар құрметпен
Кішілерге ізетпен.
НАЗЫМГҮЛ
С дыбысы тегімнің ең басында
Самат қызы Назымгүл келді алдыңа
Салмақты да сабырлы, сұлу қызбын,
Салт - дәстүрді сіңірген өн бойына.
НҰРДӘУЛЕТ
Түнғатар ұлы Нұрдәулет
Төзімді де табанды.
Т әрпінен басталған
Мақтан тұтар тегім бар.
ФЕРИЗАТ
Қос бүйірін таянған,
Ф дыбысын қараңыз.
Феризатпын хор қызы,
Тамсандырған талайды.
Әліппе:
- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Мұғалім
- балалар, олай болса біздер математика сабағынан алған білімдерімізді сынап көрейік.
СЛАЙДПЕН ЖҰМЫС.
- реттік санау
- он көлеміндегі сандарды азайту және қосу
- салыстыруға арналған тапсырмаларды орындау.
Әліппе: Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
ДІНМҰХАММЕД
1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
ӘН. МАТЕМАТИКА САБАҒЫ
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- сіздер жаймашуақ жаз мезгілін сағындыңдар ма?
- олай болса көздеріңді жұмыңдар, қазір біздер саяхатқа шығайық.
(әуен ойнатылып тұрады, слайд көрсетіледі).
- көзімізді ашамыз, тақтаға назар аударамыз.
Мұғалім.
- Балалар, біздер қайда келдік?
- орманға.
Орманда, балалар нелер мекендейді?
- Дұрыс айтасыздар, балалар, жабайы аңдар мекендейді.
- Солардың бірі біздерге қонаққа келіп тұр екен. Бұл не?
- Аю.
- Аю, балалар біздің мерекемізге құр келмепті. Өзінің тапсырмасын ала келіпті. Қане, сол тапсырманы орындаймыз ба?
- Аю бізге өзінің аты басталатын, әліпбидің ең басында тұратын А дыбысын ала келіпті
Тапсырма.- Аю әкелген әріпті дауысты не дауыссыз екенін ажырату.
- сол дыбысты бас әрпі мен кіші әрпін тақтаға жазу
- сол дыбыстан сөз құрау
- сөйлем құрау, тақтаға жазу
- дыбыстық талдау жасау.
ҚАРЛЫҒАШ
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
ӘН. ӘЛІППЕ
Әліппе:
Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5 - ке толсын!
РАСУЛ
Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Мұғалім: — Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Мұғалім: балалар, енді ортаға ана тілін дауыстап шақырайық.
Ана тілі келеді.
ӘН. СУРЕТ САБАҒЫ.
БИ. ВАЛЬС.
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар - дей келе ендігі сөз кезегін ата - аналарға беруге рұқсат етіңіздер.
- Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.
Қош бол құтты, әліппе!
- румия
- 31 қаңтар 2014
- 6007
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, Әліппемен қоштасу сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата -...Рахмет саған, Әліппе!
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы, Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сандугаш Аязбаева...Әліппе – білім бастауы.
Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы....Әліппемен қоштасу
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.